4–5 сынып оқушыларына арналған бұл бағдарлама негізгі пәндер бойынша білімді тереңдетуге, зияткерлік қабілеттерді дамытуға және оқу мотивациясын арттыруға бағытталған. Оқушылар математика, логика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі және жаратылыстану пәндері бойынша білімдерін жетілдіріп, оларды практикалық тапсырмалар, ойын элементтері және интерактивті жұмыстар арқылы қолдануды үйренеді.
Бағдарлама барысында сыни және логикалық ойлау, мәселелерді шешу, коммуникация және топпен жұмыс жасау дағдылары дамытылады. Математика мен логика сабақтарында стандартты емес есептер шығаруға көңіл бөлінсе, тілдік пәндерде оқу сауаттылығы, ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстары жүргізіледі. Жаратылыстану сабақтарында тәжірибе мен зерттеу элементтері қолданылады.
Оқытуда интерактивті әдістер, топтық жұмыстар және шығармашылық тапсырмалар кеңінен қолданылып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіне деген сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.