NIS Oskemen Жазғы мектебі — ұзақтығы 40 академиялық сағатты құрайтын, офлайн форматта жүзеге асырылатын кешенді білім беру бағдарламасы. Бағдарлама оқушыларды НЗМ білім беру жүйесімен таныстыру, базалық академиялық және зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ олардың коммуникативтік, шығармашылық және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған. Бағдарлама аясында математика, тілдер (қазақ, орыс, ағылшын), жаратылыстану, STEM және дене шынықтыру пәндері қамтылады. Сабақтар практикалық тапсырмалар, шағын жобалар, топтық жұмыс және ойын элементтері арқылы интерактивті форматта өткізіледі. Бағдарлама оқушылардың логикалық ойлауын, дербестігін, командалық жұмыс дағдыларын және сенімді қарым-қатынас жасау қабілетін дамыта отырып, әрі қарай білім алуға деген мотивациясын арттырады.