Бұл курс оқушыларды мектепішілік, облыстық және республикалық деңгейдегі олимпиадаларға жүйелі түрде дайындауға арналған. Бағдарлама молекулалық биология және метаболизм бөлімдерін қамтып, теория мен практиканы үйлестіреді. Оқыту барысында оқушылардың аналитикалық ойлау қабілетін дамытуға, биологиялық үдерістердің механизмдерін түсінуге және күрделі есептерді шешуге ерекше көңіл бөлінеді. Курста тәжірибелік жұмыстар, деректерді талдау, кейс-әдістер және олимпиадалық тапсырмаларды талдау қолданылады.