Жазғы STEM мектебі Талдықорған қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның жаратылыстану-математикалық бағыттағы филиалы (NIS Taldykorgan) мен АСПМПК-519 арасындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында жүзеге асырылады.
Бағдарлама НИШ ЖМБ базасында өткізіліп, АСПМПК-519 тәрбиеленушілеріне заманауи STEM-білім беру ортасына енуге мүмкіндік береді. Қатысушылар заманауи жабдықталған зертханалар мен арнайы кабинеттерді (B101/B201, D152) пайдаланып, НИШ-тің тәжірибелі мұғалім-эксперттерінен білім алады.
Бағдарлама мазмұны инженерлік ойлау қабілетін, зерттеушілік дағдыларды және ғылым, технология, инженерия және математика салаларындағы практикалық құзыреттерді дамытуға бағытталған. Оқыту теория мен практиканы ұштастыру, зертханалық жұмыстар орындау, жобалық қызмет және қорытынды жобаларды қорғау арқылы жүзеге асырылады.
Жазғы STEM мектебі оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылыққа қызығушылығын арттырып, дербестігін, командалық жұмыс дағдыларын дамытуға және STEM бағытындағы әрі қарайғы білім алуға дайындауға ықпал етеді.