Arduino UNO техникалық шығармашылықта шексіз мүмкіндіктер береді, ал бұл мүмкіндіктер оқушылардың қиялына ғана байланысты.
Оқыту бағдарламасы теориялық білімді практикалық, зерттеу, дербес ғылыми қызметпен және техникалық-технологиялық құрастырумен кіріктіру қағидаттарына негізделген. Сонымен қатар, ойын әдістері мен жобалық оқыту тәсілдері қолданылады.
Курс барысында жарыс түріндегі үлкен ойын – жарыс машиналары сайысы, сондай-ақ ірі жобалар байқауы өткізіледі. Әр сабақтың соңында шағын жобаларды өз бетінше әзірлеу қарастырылған. Бұл әдістердің барлығы оқушылардың мотивациясын арттыруға және өтілген тақырыптарды терең түсінуге бағытталған.