1. Түсініктеме хат
Математика пәні бойынша ақылы мектеп курсы 5-сынып оқушыларын НЗМ-ге түсу емтихандарына дайындауға бағытталған. Курс мазмұнын игеру барысында оқушылар 4–5-сыныптағы математиканың негізгі бөлімдері бойынша білімдерін, біліктері мен дағдыларын бекітіп, логикалық, сыни ойлау және алгоритмдік мәдениетін дамытады.
1.1 Оқу жоспарының мақсаты
4–5-сынып материалдары негізінде білімді жүйелеу және тереңдету арқылы Зияткерлік мектептерге дайындық.
1.2 Оқыту нәтижелері
Нәтижелер пәндік, метапәндік және жеке нәтижелерді қамтиды. Пәндік — негізгі математикалық білімдерді меңгеру. Метапәндік — білімді өмірлік жағдайларда қолдану. Жеке — оқуға деген құндылық қатынасты қалыптастыру.
1.3 Бағдарлама мазмұны
Бағдарлама 40 сабақтан тұрады және деңгейлік тапсырмалар мен практикалық есептер арқылы оқушылардың белсенді оқуына бағытталған.
2. Мазмұны
Қатынастар мен пропорциялар, рационал сандар, шексіз периодты ондық бөлшектер, алгебралық өрнектер, сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктер, геометриялық және мәтінді есептер, координаталық жазықтық, шамалар арасындағы тәуелділіктер, екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесі.