Каникулдық STEM-мектеп – бұл Назарбаев Зияткерлік мектептері базасында ұйымдастырылған, 12–16 жас аралығындағы оқушыларға арналған қысқа мерзімді интенсивті білім беру алаңы. Каникулдық STEM-мектеп бағдарламасы ғылым, технология, инженерия және математиканы интеграциялау арқылы инженерлік ойлауды, жобалық құзыреттіліктерді және командалық өзара іс-қимыл дағдыларын дамытуға бағытталған.
5 күн ішінде қатысушылар робототехника, бағдарламалау және жасанды интеллект негіздерін зерделеп, өз жобаларымен жұмыс істейді, командалық жұмыс пен коммуникация дағдыларын жетілдіреді, сондай-ақ ағылшын тілін тәжірибеде қолданады.
Бағдарлама жатақханада тұрумен бірге толық күн форматында өтеді. Оның құрамына шығармашылық және спорттық іс-шаралар, шеберлік сағаттары мен кәсіби бағдар диагностикасы кіреді. Оқу бағдарламасы қатысушылар өз жобаларын ұсынатын STEM-хакатонмен аяқталады.
Бағдарлама қорытындысы бойынша әрбір қатысушыға:
- сертификат;
- естелік сыйлықтар;
- жеке кәсіби бағдар бойынша толық есеп беріледі.