NIS Advanced Learning Academy жазғы мектебі – 5–6 сынып оқушыларына арналған қарқынды білім беру бағдарламасы. Бағдарлама оқушыларды НЗМ-нің оқу және тәрбие жүйесінің элементтерімен таныстыру арқылы олардың жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған.
Бағдарлама аясында оқушылар негізгі пәндер бойынша (математика, тілдер, жаратылыстану) базалық білімдерін нығайды, робототехника зертханада тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізіп, сондай-ақ көшбасшылық, коммуникативтік және шығармашылық дағдыларын дамытады.
Жазғы мектеп бағдарламасына тәжірибеге бағытталған шеберлік сабақтары, командалық жұмыс, интерактивті және танымдық ойын форматтары кіреді. Оқыту әр оқушының әлеуетін ашуға ықпал ететін қолдаушы әрі динамикалық ортада өтеді. Жазғы мектеп оқушылардың өзіне деген сенімділігін, дербестігін және әрі қарай дамуға деген тұрақты ынтасын қалыптастырады.