«Отпан: Маңғыстау облысындағы тірек мектептер желісі»
Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту
Деректерді бағалау және талдау саласындағы құзыреттілікті дамыту
Оқушылардың әл-ауқаты
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылы 26 наурыздағы №16-01/1441ҚПҚ тапсырмасына сәйкес «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – ДББҰ) Білім беруді тұрақты дамыту қорымен (БТДҚ) және «Білім-Инновация» ХҚҚ-мен ынтымақтаса отырып, Маңғыстау облысында 50 тірек мектептерін құру туралы жобаны іске асыруды бастады.
Жоба аясында Педагогикалық шеберлік орталығы:
I. Педагогтердің кәсіби сұраныстарын зерттеу
сауалнама жүргізу (басшылар, педагогтер, ата-аналар, оқушылар)
сұхбат алу (облыстық білім басқармасының, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің өкілдері)
педагогтердің АКТ құзыреттіліктерін бағалау жөнінде сауал жүргізу
бастауыш, негізгі, орта мектептерде сабақты бақылау
II. Біліктілікті арттыру курстары
Мектеп командасы: тиімді басқару және білім беру сапасы
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
Күрделі тақырыптар бойынша пәндік білімді тереңдету
АКТ құзыреттіліктерін дамыту
Заманауи әдіскер: құзыретті сарапшы және тиімді тәлімгер
III. Кәсіби дамыту бойынша семинарлар
Педагогтерге арналған семинарлар (тиімді жоспарлау, бағалау)
Басшыларға арналған семинарлар (өзгерістерді басқару, деректерді талдау...)