«NIS Summer School» жазғы мектебі — 4-5-сынып оқушыларына арналған
Білім мен демалысты ұштастыра отырып, болашаққа қадам басыңыз!
Жазғы демалыста уақытыңызды тиімді пайдаланғыңыз келеді ме?
NIS Шымкент-Қаратау мектебі 4-5-сынып оқушыларын «NIS Summer School» жазғы мектебіне шақырады! Жазғы мектепте өткізген әр күніңіз жаңа білім мен көңілді уақытқа толы болмақ!
Құрметті ата-аналар! Жазғы мектептегі 5 күн ішінде балаңыз:
- математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, жаратылыстану пәндері бойынша білімін тереңдетеді;
- ғылыми-шығармашылық дағдыларын дамытады;
- білім мен демалысты ұштастыру арқылы уақытын тиімді пайдаланады.
Балаңызды қызықты ойындар мен зияткерлік жарыстар, жаңа достар мен ұмытылмас сәттер күтеді!
Мұнда балаңыз тек пәнді үйреніп қана қоймай, ойын дамытуға және жаңа идеялар табуға мүмкіндік алады!
Келіңіздер, бірге үйренейік, зерттейік және табысқа бірге қадам басайық!