Ұсынылып отырған «Отбасы және жеткіншек» әдістемелік жинағы ата-аналар мен жеткіншектерге, педагогтерге арналған кешенді білім беру бағдарламасы болып табылады. Бағдарлама мазмұны халықаралық тәжірибеде тиімділігі дәлелденген тәрбиелік модельдер негізінде әзірленіп, заманауи педагогикалық және психологиялық тәсілдермен үйлестірілген. Оның ішінде отбасы ішіндегі қарым-қатынасты оңтайландыру, ата-аналардың тәрбиелік құзыреттілігін арттыру және жеткіншектердің өмірлік маңызды дағдыларын дамыту мәселелері қамтылады.