Жазғы мектеп жұмысы оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, қолайлы, қауіпсіз және ынталандырушы білім беру ортасында жүзеге асырылады.
Бағдарламаның мақсаты: оқушылардың негізгі пәндер бойынша білім деңгейін арттыру, функционалдық сауаттылығын дамыту, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін жетілдіру, сондай-ақ 5-сыныпқа көшуге дайындықтарын қамтамасыз ету.
Бағдарламаның міндеттері:
• математика, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндері бойынша білімді бекіту және толықтыру;
• оқушылардың логикалық, сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту;
• ғылымға кіріспе пәні арқылы зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру, қарапайым тәжірибелер жүргізу, бақылау және қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
• тілдік дағдыларды (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) кешенді түрде жетілдіру;
• пәнаралық байланыс арқылы білімді өмірмен ұштастыру;
• оқушылардың өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру;
• шығармашылық қабілеттерін (музыка, би) дамыту;
• салауатты өмір салтын қалыптастыру (спорттық ойындар);
• логикалық және стратегиялық ойлау қабілеттерін жетілдіру (шахмат);
• цифрлық және инженерлік дағдыларды дамыту (робототехника).