«Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» (2022-2026 жыл)

Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту
Деректерді бағалау және талдау саласындағы құзыреттілікті дамыту
Оқушылардың әл-ауқаты
«Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» – Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры мен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің серіктестік бағдарламасы. Демеушілер – AITAS холдингі, «Қазақстан халқына» қоры және Beeline Қазақстан. Жоба қолжетімді сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және Қазақстанның 17 аймағындағы қала мен ауыл арасындағы білім сапасының алшақтығын азайтуға бағытталған.
Барлық аймақтардағы 191 флагмандық мектеп

мектеп

І кезең

мектеп

ІI кезең

мектеп

ІII кезең

мектеп

ІV кезең

Жоба аясында Педагогикалық шеберлік орталығы:​ Ауыл мектебі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру​

Негізгі принцип: оқытудың каскадты тәсілін қолдану арқылы мектеп қауымдастығын өзін-өзі дамытатын ұйым ретінде кәсіби дамуы (теңбе-тең)

I. Мектеп директорлары мен мұғалімдерінің кәсіби даму қажеттіліктерін диагностикалау (сауалнама)

біліктілікті арттыру курстарының тақырыптарын әзірлеу және әдістемелік қамтамасыз ету бойынша ұсыныстары бар аналитикалық есепті қалыптастыру

II. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары

Біліктілікті арттыру курстарында оқыту тыңдаушыларды тәуелсіз қорытынды бағалаумен аяқталады. Әріптестерді оқыту үшін мектеп тренерлерін дайындау

III. Тиімді сабақты ұйымдастыру, бағалау құралдарын әзірлеу, функционалдық сауаттылықты, инклюзивті білім беруді, зерттеушілік дағдыларды дамыту бойынша мұғалімдерді әдістемелік қамтамасыз ету (семинар, вебинарлар)

Мұғалімдердің нақты тәжірибедегі тапсырмалар мен мысалдарды қолдану дағдыларын дамыту, әріптестердің тәжірибесі негізінде өзара білім алу, зерттеу сұрағын анықтау және құрастыру

Жоба аясында педагогтердің республикалық онлайн тəжірибе тарату алаңы жұмысын бастады. Тірек мектептердің мұғалімдері жоба аясында алған кәсіби білімі мен дағдыларын еліміздің нысаналы мектептері⠀ұстаздарына таратады. Мұғалімдердің шеберлік сабақтары жазбасы сілтемеде

Серіктестер
Пікірлер

Мектебіміздің ауыл балалары мен мұғалімдерінің әлеуетін арттыруға бағытталған қайырымдылық жобасына енгені бізге үлкен қуаныш сыйлады. Жазғы жөндеу жұмыстарынан өткен мектеп ғимараты заманауи жабдықтаудан кейін бірден жарқырап шыға келді. Жоба барлығымызға жаңа көкжиектерді бағындыру мүмкіндігін берді.алалық

Айнұр Канапьянова

Абай ауданы көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы директоры, Абай облысы

Тірек мектептің тәжірибесі оқушылардың қоғам талабына жылдам бейімделуін, болашақ кәсіби маман иесі болу жолындағы жаңа өзгерістерді оңынан қабылдауын, цифрландыру кеңістігін еркін меңгеруін айтарлықтай жеңілдетері хақ.

Лаззат Еспанова

Т. Жүргенов атындағы орта мектеп директоры, Ақтөбе облысы

ПШО тренерлерімен бірлесе жүргізілген жүйелі де мақсатты жұмыс әр пән мұғалімінің жеке өсуіне ғана емес, тұтастай мектеп қызметінің жақсаруына оң ықпал етті. Күн санап өзгерістер орын алған дәуірде оқушыларымыздың бойына заманның өзі талап етіп отырған қасиеттерді сіңіріп, кемел білім беруде осы мүмкіндіктерді кәдемізге жаратуға ниеттіміз.

Надира Смагулова

Шестаков атындағы орта мектеп директоры, Жетісу облысы

«Мектеп командасы: тиімді басқару және оқу сапасы» курсы мектеп-лицей үшін үлкен жаңалық болды. Үйрете жүріп үйренетін мұғалімдердің тәжірибелері, сабақ беру стильдері, оқушымен тіл табысуы, кәсіби әңгімелесу жолдары басқа бағытқа өзгерді. Ізденуді өздеріне мұрат санады. Жаңаша бағытқа ауысты.

Жасұлан Айтжанов

Ж. Әбдірашев атындағы № 62 мектеп-лицейі директоры, Қызылорда облысы

Дайджест

Жобаның бейнематериалдары мен мультимедиялық ресурстары