Ашық есік күні – мектеп пен қоғам арасындағы ашық байланысты нығайтуға арналған кешенді ақпараттық-танымдық іс-шара. Іс-шара аясында ата-аналар мен оқушыларға Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі білім беру үдерісі, қабылдау талаптары, академиялық және зерттеушілік бағыттар, сыныптан тыс жұмыстар мен оқушылардың даму мүмкіндіктері таныстырылады.
Бағдарлама бірнеше бағыт бойынша ұйымдастырылады:
- «NIS-ке қадам» – оқуға түсу талаптары мен дайындық жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары;
- «Мамандар кеңесі» – тәжірибелі педагогтердің емтиханға дайындалу бойынша ұсыныстары мен практикалық кеңестері;
- «Ғылым әлемі» – жаратылыстану-математика бағытындағы қызықты тәжірибелер, зертханалық жұмыстар мен ғылыми көрсетілімдер;
- «Белсенді демалыс» – зияткерлік ойындар, интерактивті тапсырмалар және спорттық-танымдық іс-шаралар.
Шара барысында қатысушылар мектептің заманауи инфрақұрылымын көріп, педагогтермен, әкімшілік өкілдерімен және білім алушылармен еркін пікір алмасуға мүмкіндік алады.