Жазғы мектеп – оқу жылы барысында алынған білімді бекітуге, толықтыруға және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған қысқа мерзімді білім беру алаңы. 5-сынып оқушыларына арналған бұл бағдарлама негізгі пәндер мен қосымша бағыттарды кіріктіре отырып, оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасайды.
Бағдарлама Nazarbayev Intellectual Schools (NIS Programme) тәжірибесіне негізделіп, оқушылардың сыни ойлау, зерттеу дағдылары, коммуникативтік қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған