«Коммуникативтік дағдыларды дамытуға арналған үлкен психологиялық ойындар» шеберлік сағаты жалпы білім беретін мектептердің педагогтары мен педагог-психологтарына арналған. Бағдарламаның мақсаты – оқушылардың тұлғалық дамуын, өзін-өзі тануын және эмоционалдық тұрақтылығын арттыру үшін интерактивті психологиялық ойындарды кәсіби қызметке енгізу. Қатысушылар үлкен психологиялық ойындарды өткізудің теориялық және практикалық негіздерін меңгереді, оларды тәрбиелік және психологиялық қолдау процесінде қолданудың тиімді тәсілдерін үйренеді. Практикалық бөлімде «Калейдоскоп» ойыны өткізіліп, тәжірибе мен рефлексия жасалады. Нәтижесінде қатысушылар кәсіби құзыреттілігін арттырып, оқушылар ұжымында сенімділік пен жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға арналған құралдарды меңгереді.