«NIS Autumn Camp» күзгі лагері — 5–6-сынып оқушыларына арналған
Білім мен демалысты ұштастыра отырып, болашаққа қадам басыңыз!
Күзгі демалыста уақытыңызды тиімді пайдаланғыңыз келеді ме?
NIS Шымкент-Қаратау мектебі 5–6-сынып оқушыларын «NIS Autumn Camp» күзгі лагеріне шақырады! Лагерьде өткізген әр күніңіз жаңа білім мен көңілді уақытқа толы болмақ!
Құрметті ата-аналар! 4 күн ішінде балаңыз:
- математика, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндері бойынша білімін тереңдетеді;
- ғылыми-шығармашылық дағдыларын дамытады;
- білім мен демалысты ұштастыру арқылы уақытын тиімді пайдаланады.
Балаңызды қызықты ойындар мен зияткерлік жарыстар, шығармашылық шеберханалар, жаңа достар мен ұмытылмас сәттер күтеді!
Мұнда балаңыз тек пәнді үйреніп қана қоймай, ойын дамытуға және жаңа идеялар табуға мүмкіндік алады!
Келіңіздер, бірге үйренейік, зерттейік және табысқа бірге қадам басайық!