Бұл семинар-практикум химия пәні мұғалімдерінің тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге және оқушыларды олимпиаданың практикалық кезеңіне жүйелі түрде дайындауға әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған. Бағдарламада иондарға сапалық талдау, белгісіз қосылыстарды анықтау, теориялық және практикалық матрица құру, сондай-ақ толық және қысқартылған иондық теңдеулерді жазу дағдылары қамтылады.
Практикалық бөлімде қышқыл-негіздік, қоспаларды және тотығу-тотықсыздану титрлеу әдістері көрсетіліп, олардың оқу процесінде қолдану жолдары талданады. Қатысушылар оқушылар жиі жіберетін қателерді талдап, тиімді әдістемелер мен практикалық лайфхактарды меңгереді.
Семинар нәтижесінде мұғалімдер олимпиаданың практикалық турына дайындықты жүйелі ұйымдастыруға, зертханалық жұмыстарды сенімді жүргізуге және оқушылардың тәжірибелік дағдыларын дамытуға қажетті білім мен құралдарға ие болады.