Семинар математикалық модельдеу бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыруға және қолданбалы есептерді шешуде дифференциалдау мен интегралдау әдістерін пайдалануға бағытталған. Негізгі назар мәтіндік есептердің шарттарын талдауға, оларды математикалық тілге аударуға, шынайы үдерістерді бейнелейтін функциялар мен дифференциалдық теңдеулер түрінде модельдер құруға аударылады.
Семинар барысында тыңдаушылар:
• мәтіндік есептерді талдау мен құрылымдаудың алгоритмдерін меңгереді;
• әртүрлі салалардағы (физика, биология, экономика, инженерия) қолданбалы жағдайларды математикалық формаға аударуды үйренеді;
• функциялар мен дифференциалдық теңдеулер негізінде математикалық модельдер құру әдістерін меңгереді;
• дифференциалдық теңдеулерді шешу және алынған шешімдерді интерпретациялау тәжірибесін алады;
• практико-бағытталған нақты есептерді шешу арқылы білімдерін бекітеді;
• математикалық модельдің адекваттылығын және шешімнің дұрыстығын сыни тұрғыдан бағалай алады.