Семинар барысында қатысушылар:
1. Теориялық бөлімде – жасанды интеллекттің негізгі ұғымдары, оның өнер саласындағы қолданылу бағыттары (цифрлық сурет, 3D модельдеу, музыка, дизайн) қарастырылады.
2. Талдау бөлімінде – ЖИ құралдарының білім беру процесіне ықпалы, дәстүрлі өнер пәнімен байланысы және оқушы шығармашылығын дамытудағы рөлі сарапталады.
3. Практикалық бөлімде – нақты ЖИ платформалары (мысалы, MidJourney, DALL•E, ChatGPT, Runway, Canva AI) арқылы иллюстрация жасау, композиция құру, шығармашылық жобаларды әзірлеу тәжірибесі жүргізіледі.
4. Талқылау бөлімінде – ЖИ қолданудың тиімділігі, этикалық мәселелері, авторлық құқық және академиялық адалдық мәселелері талқыланады.