Вебинар мұғалімдердің білім беру үдерісінде цифрлық құралдардың рөлін түсінуін қалыптастыруға, олардың цифрлық және медиа сауаттылық деңгейін арттыруға, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен жасанды интеллектіні оқу үдерісінде тәжірибе жүзінде қолдануды үйретуге бағытталған.
Вебинардың мақсаттары
-
Педагогтердің цифрлық және медиа сауаттылық деңгейін арттыру.
-
Мұғалімдерді заманауи цифрлық платформалармен, құралдармен және трендтермен (TikTok, ChatGPT, Canva, Suno және т.б.) таныстыру.
-
Жасанды интеллекттің сценарийлер дайындауда, тапсырмалар әзірлеуде, визуалды және бейне контент жасаудағы мүмкіндіктерін көрсету.
-
Креативті ойлауды дамытуға және мұғалімнің жеке цифрлық брендин қалыптастыруға ықпал ету.