Бұл 8 сағаттық практикалық тренинг психологтарға балалар мен жасөспірімдермен коучингтік әдістерді меңгеруге арналған. Тренинг барысында қатысушылар жас ерекшеліктерін ескеріп, мотивация мен өзін-өзі тануға бағытталған техникаларды үйренеді. Сонымен қатар, кеңес беру кезінде дұрыс сұрақ қою, тыңдау және мақсат қою дағдылары дамытылады. Жобаның мақсаты: Психологтарға балалар мен жасөспірімдерге арналған коучинг құралдарын меңгерту; Жас ерекшеліктеріне сәйкес мотивация және өзін-өзі тану техникаларын үйрету; Кеңес беру процесінде дұрыс сұрақтар қою, тыңдау және мақсат қою дағдыларын дамыту. Семинар практикумның ұзақтығы 8 сағат (бір күн ішінде немесе екіге бөліп өткізуге болады — 4 сағат + 4 сағат) қамтиды. Бағдарламаның құрылымы 4 модулді құрайды. 1-МОДУЛЬ: Коучинг негіздері мен қағидаттары (2 сағат) Коучингтің анықтамасы және мәні; Коучингтің психология мен кеңес беруден айырмашылығы; Коучинг — сұрақтар арқылы даму мен шешім табу процесі. 2-МОДУЛЬ: GROW моделімен жұмыс (2 сағат) GROW моделін түсіндіру; SMART мақсаттар қою; Балалармен мақсат қою бойынша нақты жағдайлар; Жаттығу: GROW арқылы жұппен сұхбат жүргізу. 3-МОДУЛЬ: Ашық, жабық сұрақтар мен белсенді тыңдау (2 сағат) Ашық, жабық және нақтылаушы сұрақтар; Белсенді тыңдау техникасы (қайтару, нақтылау, эмоцияны тану). 4-МОДУЛЬ: Коучинг құралдары мен техникалар (2 сағат) Визуалды және шығармашылық техникалар: «Шешім картасы», «Арман картасы», «Эмоционалды пульт» және басқа жаттығулар; Жаттығу: «Сенімділік баспалдағы». Семинарда интерактивті презентациялар, жұптық және топтық жұмыстар, кейс-талдау, рөлдік ойындар, рефлексия және кері байланыс әдістері қолданылады.