Бұл вебинар болашақ кәсіби кеңесшіге, психологқа және мұғалімге оқушының болашақ мамандығымен байланысты әлеуметтік-академиялық қажеттіліктері мен ресурстарын анықтауға көмектеседі.
- Оқушының дағдылары мен бейімділіктерін талдау арқылы оның жеке кәсіби маршрутын құруға бағыт береді. Бұл маршрутта оқушының алған білімі, қабілеттері, физикалық ресурстары мен soft skills дағдылары ескеріледі.
- Вебинар барысында қатысушылар кәсіби бағдарлаудың қосымша құралы ретінде психодиагностикалық тесттердің нәтижелерін интерпретациялауды үйренеді.
- Сабақ соңында тыңдаушылар оқушылармен толыққанды кәсіби кеңес жүргізу үшін ҚР жоғары оқу орындарына түсу жөніндегі арнайы гайд алады.