Бұл вебинар жоғарғы сынып оқушыларын және жаттықтырушыларды облыстық және республикалық деңгейдегі биология олимпиадаларына дайындауға бағытталған. Бағдарламада олимпиадалық тапсырмалар қарастырылады, оларды шешу барысында биологияның әртүрлі бөлімдерін қарастырып, осы бөлімдер бойынша терең білім алады.
Бағдарлама аясында тыңдаушылар:
Ботаника, зоология, анатомия бөлімдері бойынша күрделі олимпиада есептерін шешіп, құрылымдық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік алады.
Инфографика әдісінің көмегімен суреттермен, кесте, диаграммалармен жұмыс жасайды.