Практикалық жобалық жұмыс арқылы оқушылардың зерттеу, инженерлік жобалау, құрастыру және командамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Ғылым мен технологияға қызығушылығын арттыру, таңдалған бағыт бойынша бастапқы теориялық білім қалыптастыру және оны тәжірибеде қолдануға үйрету. Жобаны жоспарлау, прототип жасау, сынақ нәтижелерін талдау және жобаны жетілдіру дағдыларын қалыптастыру. Шығармашылық және сыни ойлауын, мәселені шешу, өз идеясын дәлелдеу және жұмыс нәтижесін көпшілік алдында қорғау қабілеттерін дамыту.