Курс химия сабағын жоспарлау, практикалық оқыту, бағалау және кәсіби рефлексияны бір жүйеге біріктіреді. Қатысушылар оқу мақсаты, тапсырма және бағалау арасындағы байланысты талдап, оқушылардың қажеттіліктеріне сай оқу материалдарын әзірлейді. Жасанды интеллект көмегімен алынған есептерді, реакция теңдеулерін және тәжірибе сипаттамаларын тексеріп, сабақта қолдануға бейімдейді.
Бағдарлама 4 модульден тұрады: сабақ жоспарлау және ЖИ мүмкіндіктері; оқыту әдістемелері мен практикалық дағдылар; оқу жетістіктерін бағалау; кәсіби рефлексия және кері байланыс. Жалпы көлемі — 16 академиялық сағат: 4 сағат теория және 12 сағат практика. Курс соңында мұғалім сабақ жоспары, тәжірибелік тапсырма, бағалау құралдары және рефлексиялық талдау енгізілген портфолио әзірлейді. Қатысу үшін химия мазмұнын, жоспарлау мен бағалаудың негізгі ұғымдарын білу және цифрлық құжаттармен жұмыс істей алу қажет.