«NIS ROBOTICS CUP 2026: Science and Sport» робототехника жарысы мектеп оқушыларының инженерлік, конструкторлық және пилотаждық дағдыларын дамытуға бағытталған. Іс-шара барысында командалар робофутбол, роботеннис, ай миссиясы сияқты арнайы сайыстарда, сондай-ақ 5–8 және 9–12 сыныптар арасындағы дрон-рейсингтен бақ сынасады.
Бағдарлама тіркелу және техосмотрдан басталып, салтанатты ашылу, калибровка және жаттығумен жалғасады. Негізгі бөлігі іріктеу матчтарға арналған, ал соңында төрешілер алқасы қорытынды шығарып, жеңімпаздарды марапаттайды.