Командалық интенсивті тренинг-семинар мұғалімдер мен оқушыларға STEAM-жобаларды әзірлеудің толық циклін меңгеруге бағытталған. Практикаға басымдық беріледі (70% практика, 30% теория).
Оқу барысында қатысушылар STEAM тұжырымдамасымен танысып, өзекті мәселелерді табуды, жобаның мақсаттары мен міндеттерін қоюды, сандық прототиптер жасауды, жобаның экономикасы мен презентация құрылымын әзірлеуді үйренеді. Тренинг қорғау регламенттерін, бағалау критерийлерін және жобаны көпшілік алдында сәтті таныстыруды (питчинг) талдаумен аяқталады