Бұл біліктілікті арттыру бағдарламасы педагогтар, педагог-психологтар, сынып жетекшілері мен тәлімгерлерге оқушыға бағытталған орта құруға практикалық көмек көрсетуге арналған. Бағдарлама шеңберінде эмпатияға негізделген оқыту тетіктері, педагогикалық кедергілерді мүмкіндікке айналдыру картасы, ми жұмысы мен зейінді арттыратын кинесиологиялық жаттығулар, оқушыны ынталандыру мен мақтаудың сындарлы тәсілдері және педагогтың креативті ойлауын дамытуға арналған шығармашылық кейстер қамтылған (барлығы 8 академиялық сағат).