NIS Күзгі академиясы оқушыларға күзгі демалыс уақытын мақсатты дайындыққа арнауға мүмкіндік береді. Бағдарлама пәндік білімді жүйелеуге, тапсырмаларды талдау тәсілдерін меңгеруге, логикалық және аналитикалық ойлауды дамытуға бағытталған. Оқушылар математика, сандық сипаттамалар, жаратылыстану, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі бойынша жұмыс істейді. Сабақтар барысында оқушылар әртүрлі форматтағы тапсырмаларды орындап, шешімін негіздеуге, қателерін талдауға және алған білімін қолдануға машықтанады. Сабақтар қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.