Курс оқушыны Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға жүйелі түрде дайындауға арналған. Алдымен оқушының бастапқы білім деңгейін анықтау үшін диагностикалық тест өткізіледі. Оның нәтижесі бойынша білімдегі олқылықтар анықталып, оқу бағыты белгіленеді.
Әр тақырып бойынша қысқа әрі түсінікті теориялық материал дайындалады. Материалда негізгі тарихи оқиғалар, даталар, тұлғалар, терминдер, себептер, салдар және тарихи маңызы жүйеленеді. Ақпаратты жай жаттатудың орнына оқушыға тарихи оқиғалардың өзара байланысын түсіндіретін сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.