«Мектеп биологиясындағы зертханалық және практикалық жұмыстарды ұйымдастыру негіздері» семинар-практикумы биология пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, оқу үдерісінде зертханалық және практикалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру мен өткізу дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Бағдарлама аясында мектеп биология курсындағы зертханалық және практикалық жұмыстардың ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылады. Қатысушылар тәжірибелік оқытудың маңызы, оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдары, биологиялық эксперименттерді жоспарлау және сабақ құрылымына енгізу тәсілдерімен танысады. Сонымен қатар, қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау және оқу зертханасын тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар нақты зертханалық жұмыстарды орындау, оларды сабақта қолдану жолдарын модельдеу, тапсырма парақтарын (инструктивтік карталар) әзірлеу және оқу нәтижелерін бағалау критерийлерін құрастыру жұмыстарын орындайды. Интерактивті әдістер, топтық жұмыс және тәжірибеге негізделген оқыту тәсілдері кеңінен қолданылады.
Семинар-практикум нәтижесінде мұғалімдер зертханалық және практикалық жұмыстарды жүйелі жоспарлап, оларды тиімді өткізуге, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға және биология пәнін оқытудың сапасын жақсартуға мүмкіндік алады.