Бұл топтық кеңес орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне әріптестік ортада кәсіби тәжірибе алмасуға және сабақты тиімді жоспарлау дағдыларын бірлесе жетілдіруге арналған. Бағдарлама жалпы білім беретін мектептердің оқу бағдарламасын талдауды, оқу мақсаттары мен практикалық тапсырмалардың өзара байланысын қамтамасыз етуді және бағалау сауаттылығын арттыруды көздейді. Топтық формат қатысушыларға сабақтың барлық кезеңдерін қамтитын ҚМЖ мен БЖБ құрылымын бірлесе талқылап құруға, сондай-ақ сөйлеу әрекетінің 4 түрін дамытудың тиімді тәсілдерін («Сот», «ПОПС-формула», «Шешендік орындық», «Тыңдалым-тергеу», «Фактчекер», INSERT, «Блум текшесі», «Кейіпкер күнделігі», «Әдеби подкаст» және т.б.) жұптық және топтық жаттығулар арқылы сынақтан өткізуге мүмкіндік береді. Консультация соңында мұғалімдер өз пәніне бейімделген дайын ҚМЖ мен интерактивті тапсырмалар жинағын әзірлейді.