Beyim Ustaz
Кіру Тіркелу
Мектеп мұғалімі
Ынтымақтастықтан өзгеріске: Мектептің тұрақты дамуына кәсіби білім алу қауымдастықтары арқылы жету
2026 жылғы 28 қарашада Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ынтымақтастықтан өзгеріске: Кәсіби оқу ортасын қалыптастыру арқылы мектепті тұрақты дамыту» тақырыбында конференция өтеді. Іс-шара педагогтердің кәсіби ынтымақтастығын, бірлескен зерттеулерін және көшбасшылығын дамытуға бағытталған. Қатысушылар постерлер мен секциялық баяндамалар арқылы тәжірибе алмасады. Жұмыс тілдері — қазақ, орыс және ағылшын.
Офлайн
Конференция - офлайн
Ұзақтығы
1 күн ішінде 5 сағат
Ұйымдастырушы
НЗМ Түркістан
Тренер
Токтамысова И.Т., Кайдарова А.К.
Оқыту тілі
Қазақша, Орысша
3 000 ₸
Офлайн конференция туралы

2026 жылғы 28 қарашада Түркістан қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ынтымақтастықтан өзгеріске: Кәсіби оқу ортасын қалыптастыру арқылы мектепті тұрақты дамыту» тақырыбында конференция өтеді.

Конференцияның мақсаты — педагогтердің кәсіби ынтымақтастығын күшейту, бірлескен зерттеулер мен тәжірибе алмасуды дамыту, мұғалімдердің кәсіби өсуі мен көшбасшылығын қолдау және кәсіби білім алу қауымдастықтары арқылы мектептің тұрақты дамуына ықпал ететін тиімді тәжірибелерді тарату.

Конференция аясында келесі бағыттар қарастырылады:

  • Топтық зерттеу — мұғалімдердің кәсіби дамуының негізі;
  • Мұғалімнің әл-ауқатын арттырудағы кәсіби оқу ортасының рөлі;
  • Мұғалім көшбасшылығы арқылы педагогтердің әлеуетін ашу және мектептің дамуына ықпал ету;
  • Мектептің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі ұжымдық шешім қабылдаудың рөлі;
  • Мұғалімдердің ынтымақтастығы арқылы білім сапасын арттыру.

Қатысушылар бірлескен зерттеулерінің нәтижелерін, педагогикалық тәжірибелері мен мектепті дамытуға бағытталған бастамаларын постер немесе секциялық баяндама түрінде ұсына алады. Қабылданатын постерлер саны 40 жұмыспен шектеледі. Баяндамалар мен материалдарға қойылатын талаптар конференция ережесінде көрсетілген.

Конференцияның жұмыс тілдері — қазақ, орыс және ағылшын тілдері.

Қатысу үшін тіркеліп, ұйымдастыру жарнасын төлеу қажет. Қатысу құны:

Қатысу форматы Құны
Қатысушы 3 000 теңге
Спикер: постер немесе презентация ұсыну 5 000 теңге
Спикер және мақаланы жинақта жариялау 8 000 теңге

Тіркелу 2026 жылғы 15 қарашаға дейін жүргізіледі. Команда құрамында қатысқан жағдайда атаулы сертификат немесе алғыс хат алғысы келетін әрбір қатысушы жеке тіркеліп, ұйымдастыру жарнасын төлеуі тиіс.

Постерлер мен презентацияларды 2026 жылғы 20 қарашаға дейін, ал жинақта жарияланатын мақалаларды 2026 жылғы 4 желтоқсанға дейін nis_turkistan_conference@trk.nis.edu.kz электрондық поштасына жіберу қажет. Журналдың электрондық нұсқасы 2026 жылғы 28 желтоқсанда конференция материалдары жіберілген электрондық пошта мекенжайларына жолданады.

Конференция аяқталғаннан кейін тіркелген қатысушылардың жеке кабинеттерінде атаулы сертификаттар қолжетімді болады. Алғыс хаттар тек спикерлерге беріледі.

Конференция педагогтерге тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстар орнатуға және мектептің тұрақты дамуына ықпал ететін бірлескен жұмыс тәсілдерін талқылауға мүмкіндік береді.

Оқу аяқталғаннан кейін сіз үйренесіз
Конференцияға қатысу нәтижесінде сіз:
- Кәсіби оқу қауымдастығын қалыптастыру және дамыту тәсілдерін меңгересіз;
- Бірлескен зерттеулерді ұйымдастыру және нәтижелерін тәжірибеде қолдану жолдарын үйренесіз;
- Педагогтердің кәсіби ынтымақтастығы мен өзара қолдауын нығайту тәсілдерімен танысасыз;
- Мұғалім көшбасшылығын дамыту және ұжымдық шешім қабылдау тәсілдерін меңгересіз;
- Мектептің тұрақты дамуы мен білім сапасын арттыруға бағытталған тиімді тәжірибелерді қолдануды үйренесіз.
Ынтымақтастықтан өзгеріске: Мектептің тұрақты дамуына кәсіби білім алу қауымдастықтары арқылы жету
3 000 ₸
Оқу қалай өтеді
Бағдарлама офлайн форматында жүзеге асырылады және толығымен өздігінен және икемді өтуге бейімделген:
Сабақ кестесі
1 күн қатарынан 28 Қараша 2026
Ұзақтығы
Офлайн, күніне 4 сағат
09:30 - 13:30 Астана уақытымен
Аудитория
НЗМ Түркістан базасында
белсенді әріптестермен өнімді жұмыс
Сізді не күтіп тұр:
Мұғалімдердің бірлескен зерттеулері мен тиімді тәжірибелері ұсынылатын постерлер және секциялық баяндамалар; Кәсіби оқу қауымдастықтарын қалыптастыру, мұғалім көшбасшылығы мен әл-ауқатын қолдау мәселелерін талқылау; Әріптестермен тәжірибе алмасу және кәсіби байланыстар орнату; Мектептің тұрақты дамуы мен білім сапасын арттыруға арналған идеялар; Қатысушыларға атаулы сертификат, спикерлерге алғыс хат.
Тегін кеңес алу

Біздің ұсыныстарымыз

  • Вебинар
    Мектепішілік зерттеуден халықаралық масштабқа: Конференцияға мақала жазу мен жіберу жолдары
    1 тыңдаушы үшін 5 600 ₸
  • Шеберлік сыныбы
    «Brain On: 4К дағдыларын дамыту»
    1 тыңдаушы үшін 12 000 ₸
  • Шеберлік сыныбы
    Risk Management: анықтау, бағалау және басқару құралдары
    1 тыңдаушы үшін 16 100 ₸
  • Семинар-практикум
    «Мектеп биологиясындағы зертханалық және практикалық жұмыстарды ұйымдастыру негіздері»
    1 тыңдаушы үшін 14 200 ₸
  • Шеберлік сыныбы
    NIS-тегі Experiment Day at NIS Qyzylorda | Ғылым және ойын-сауық фестивалі
    1 тыңдаушы үшін 5 500 ₸
  • Конференция - офлайн
    Success Conference
    1 тыңдаушы үшін 10 000 ₸
  • Шеберлік сыныбы
    Функционалдық оқу бойынша шеберлік сыныбы
    1 тыңдаушы үшін 8 400 ₸
  • Мектепке бару
    «НЗМ-ке саяхат» — мектеппен танысу күні
    1 тыңдаушы үшін 2 000 ₸
  • Конференция - офлайн
    Ынтымақтастықтан өзгеріске: Мектептің тұрақты дамуына кәсіби білім алу қауымдастықтары арқылы жету
    1 тыңдаушы үшін 3 000 ₸
  • Семинар-практикум
    Ойын технологиялары арқылы оқушылардың оқу ынтасы мен үлгерімін арттыру
    1 тыңдаушы үшін 10 000 ₸
  • Шығармашылық үйірмелер (топтық)
    «NIS ROBOTICS CUP 2026: Science and Sport»
    1 тыңдаушы үшін 3 000 ₸
  • Тағылымдама
    Есептерді құрастыру, саралау және математикадағы АТ
    1 тыңдаушы үшін 40 000 ₸
  • Тағылымдама
    Практикалық-зерттеу модулі «Белсенді оқыту, Lesson Study және деректерді талдау»
    1 тыңдаушы үшін 40 000 ₸
  • Топтық кеңестер
    NIS Start: Математика бойынша дамыту және НЗМ-ге түсуге дайындық
    1 тыңдаушы үшін 80 000 ₸
  • Ашық есік күні
    «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» практикалық сабақтар
    1 тыңдаушы үшін 3 500 ₸
  • Шеберлік сыныбы
    Ашық есік күні
    1 тыңдаушы үшін 10 500 ₸
  • Конференция - онлайн
    «STEM-синергия: қазіргі заманның жаһандық мәселелерді шешу үшін информатика, физика, химия және биологияны интеграциялау» халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясы
    1 тыңдаушы үшін 10 000 ₸