Бұл практикум мұғалімдердің генеративті жасанды интеллект құралдарымен кәсіби, сыни және жауапты әрекеттесу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Бағдарламаның басты қағидаты — «сабақты ЖИ-ге толық тапсыру емес, сабақты ЖИ-мен бірлесіп жоспарлау». Қатысушылар сұраныс жазбас бұрын сабақтың педагогикалық мазмұнын Lesson Planning Canvas картасында рәсімдеуді, сапалы сұраныс формуласын құруды (контекст, мақсат, педагогика, шектеулер, өлшемдер) және алынған алғашқы нұсқаны (Draft 1) сапа критерийлері бойынша бағалауды үйренеді. Практикум барысында оқу мақсатын төмендетпей тапсырмаларды оқушылардың 3 тобына саралау, әлсіз тұстарды толықтырып жетілдіру (Draft 2) және кез келген пәнге бейімделетін әмбебап промпт-шаблон жасау алгоритмі толық меңгеріледі. Практикум ақылы жазылымдарды талап етпейді және дербес деректерді қорғау талаптарын толық ескереді.