Директор, Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, Мектеп мұғалімі, Колледж оқытушысы, ЖОО/Академия оқытушысы, Педагог және психолог, Кітапханашы, Тәрбиеші, Куратор, Әдіскер, Әлеуметтік педагог, Магистрант
X АЙМАҚТЫҚ «ЭМПАТИЯДАН СЕНІМГЕ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ» ғылыми-практикалық конференциясы
Конференцияның басты құндылығы - педагогикалық үдерісте тұлғаға бағытталған көзқарасты күшейту.
Аралас
Конференция - онлайн
Ұзақтығы
1 күн ішінде 5 сағат
Ұйымдастырушы
НЗМ Орал
Тренер
Нагибова Г.С.
Оқыту тілі
Қазақша, Орысша
2 100 ₸
Онлайн конференция туралы

Конференцияға қатысу арқылы педагогтер

  • Жаңа педагогикалық идеялар мен тәжірибелерді меңгереді;
  • Эмпатияға негізделген оқыту әдістерін практикада қолдану жолдарын үйренеді;
  • Әріптестерімен кәсіби тәжірибе алмасады, пікірлес қауымдастыққа қосылады;
  • Оқушылармен, ата-аналармен және әріптестермен сенімді қарым-қатынас орнату дағдыларын дамытады;
  • Өз кәсіби рөліне рефлексия жасап, педагогикалық күйзелістің алдын алу тетіктерін түсінеді;
  • Мотивациясы артып, мамандыққа деген ішкі сенімі нығаяды.

Бұл конференция – педагог үшін кәсіби өсу алаңы, ал білім беру жүйесі үшін – гуманистік құндылықтарға негізделген жаңғыру қадамы. Эмпатиядан басталған жол сенімге, ал сенім сапалы білім мен тұрақты дамуға алып келеді.

Конференцияның жұмыс бағыттары

  1. Эмпатияға негізделген оқыту тәжірибелері

  2. Сенімге негізделген сынып және мектеп мәдениеті

  3. Педагогикалық көшбасшылық және өзгерістерді басқару

  4. Оқушы көшбасшылығы мен оқушы агенттігін дамыту

  5. Сараланған, жекелендірілген және инклюзивті оқыту

  6. Зерттеушілік, жобалық және тәжірибеге негізделген оқыту

  7. Бағалау мен дамытушы кері байланыс модельдері

  8. Цифрлық білім беру ортасындағы сенім және жауапты көшбасшылық

  9. Педагогтің кәсіби рефлексиясы және үздіксіз дамуы

  10. Мектеп–отбасы–қоғам серіктестігіндегі көшбасшылық

Ұсынылатын материалдар форматтары

  • Ғылыми мақалалар

  • Практикаға бағытталған педагогикалық материалдар

  • Педагогикалық тәжірибе кейстері

  • Талдау және рефлексиялық мақалалар

Аймақтық конференцияның ұйымдастырылуындағы маңызды күндер:

15 қаңтар – 20 ақпан

Мақалаларды қабылдау

20 ақпан – 05 наурыз

Мақалаларға кері байланыс беру

1 сәуір

Beyim Ustaz арқылы тіркелудің соңғы күні

28 сәуір

Конференцияның өтетін күні

1 мамыр

Қатысушыларға сертификаттарды жіберу

15 маусым

Конференция жинағын жариялау

 

Конференция аралас форматта өткізіледі: онлайн және офлайн.

Конференцияға қатысу үшін Ақтөбе, Ақтау, Атырау қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің басқарушы және педагогикалық құрамы, ПШО филиалдарының қызметкерлері, Батыс Қазақстан өңіріндегі жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, докторанттары мен магистранттары, жалпы орта білім беру ұйымдары мен ұйым басшылары, педагогтер, сондай-ақ кәсіптік білім беру және техникалық жүйенің басшылары мен педагогтері шақырылады.

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.

Конференция мақалалары электронды жинақ ретінде жарияланады. Конференцияға қатысу үшін мақалалар (1500 сөзге дейін: кіріспе, әдебиетке шолу, зерттеу әдістері, нәтижелер, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі) қабылданады. Мақаланы қарау қорытындысы бойынша ұйымдастыру комитеті конференцияның секциялық онлайн) және шеберлік оффлайн қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды, содан кейін мақаланың толық мәтінін конференция жинағына енгізеді.

Сіздің өтінімдеріңізді білім беру және зерттеу саласындағы сарапшылардан тұратын Академиялық комитет қарайды. Комитеттің шешімі Сіз көрсеткен электрондық пошта мекенжайына жіберіледі.

Мақаланы ресімдеуге қойылатын талаптар: қарпі - Times New Roman; 12 пт; қатараралық талап – 1; жолақ шегі: төменгі жағы – 2 см, қалған жақтары – 2,5 см. Қалың бояулы қаріппен мақала атауы, оның астынан екі қатараралық қаріппен автор (-лар) дың тегі, аты-жөні, атағы, лауазымы, мекеме атауы, содан соң бір аралықтан кейін абстракт мәтіні беріледі. Сұраныс қағазын автордың әрқайсысы толтырады. Өтінім қағазы және абстрактісі ұсынылмаған материалдар қарастырылмайды.  

 

Аймақтық конференцияға қатысу құны 2100 теңге.

Материалдарды conference@ura.nis.edu.kz электронды поштасына жіберу қажет. Барлық сұрақтар бойынша: орыс тілінде Сулейменова Самал Мендыхановна, +7 777 061 9333қазақ тілінде Магзумова Арайлым Серікқызына +7 701 364 7770 хабарласуға болады.

Конференцияға келу, қатысу шығындары қатысушының есебінен.

Оқу аяқталғаннан кейін сіз үйренесіз
Конференцияда спикер ретінде сөз сөйлеу.
Конференция материалдары электронды ғылыми жинақ ретінде жарияланады.
X АЙМАҚТЫҚ «ЭМПАТИЯДАН СЕНІМГЕ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ» ғылыми-практикалық конференциясы
2 100 ₸
Оқу қалай өтеді
Бағдарлама аралас форматында жүзеге асырылады және толығымен өздігінен және икемді өтуге бейімделген:
Кесте
1 күн қатарынан 28 Сәуір 2026
Ұзақтығы
Аралас, күніне 5 сағат
10:00 - 15:00 Астана уақытымен
Аудитория
НЗМ Орал базасында
белсенді әріптестермен өнімді жұмыс
Сізді не күтіп тұр:
Тегін кеңес алу

Біздің ұсыныстарымыз

  • Олимпиадаларға дайындық
    Информатика пәнінен олимпиадаға дайындық
    1 тыңдаушы үшін 100 000 ₸
  • Вебинар
    Саралау әдістерін тиімді қолдану: Халықаралық тәжірибе және заманауи тәсілдер
    1 тыңдаушы үшін 5 000 ₸
  • Халықаралық емтихандарға дайындық
    IELTS жазу шеберлігі
    1 тыңдаушы үшін 135 000 ₸
  • Халықаралық емтихандарға дайындық
    IELTS voice lab
    1 тыңдаушы үшін 80 000 ₸
  • Жеке консультациялар
    7–11 сыныптарда кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру
    1 тыңдаушы үшін 10 000 ₸
  • Вебинар
    Педагогикалық шеберлік және заманауи сабақ үлгісі
    1 тыңдаушы үшін 11 000 ₸
  • Вебинар
    Оқушылардың зерттеу және жобалық жұмыстары
    1 тыңдаушы үшін 11 000 ₸
  • Семинар-практикум
    Математикадағы қиын тақырыптарға практикалық көзқарас
    1 тыңдаушы үшін 8 000 ₸
  • Семинар
    IELTS тапсырудың стратегиялары
    1 тыңдаушы үшін 29 000 ₸
  • Конференция - онлайн
    X АЙМАҚТЫҚ «ЭМПАТИЯДАН СЕНІМГЕ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ» ғылыми-практикалық конференциясы
    1 тыңдаушы үшін 2 100 ₸
  • Конференция - офлайн
    «Оқу және оқытудың заманауи мүмкіндіктері: инновациялар, цифрлық технологиялар және саралап оқыту» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы
    1 тыңдаушы үшін 10 000 ₸
  • Конференция - офлайн
    Білім трансформациясы: идеядан тәжірибеге
    1 тыңдаушы үшін 5 200 ₸
  • Семинар-практикум
    Мазасыздықты басқарудың заманауи тәсілдері: когнитивті мінез-құлық терапиясы + арт-терапия
    1 тыңдаушы үшін 15 000 ₸
  • Вебинар
    Хит сатылым
    Оқу және функционалдық сауаттылық: инновациялық технологиялар мен заманауи әдістер
    1 тыңдаушы үшін 5 000 ₸
  • Семинар-практикум
    «Статистика элементтері» тарауын оқыту әдістемесі
    1 тыңдаушы үшін 8 400 ₸
  • Семинар-практикум
    Оқу және функционалдық сауаттылық: инновациялық технологиялар мен заманауи әдістер
    1 тыңдаушы үшін 7 700 ₸
  • Семинар
    «Оқушылардың тұлғалық әлеуетін дамытудағы «Soft Skills» пен қолөнер терапиясының интеграциясы».
    1 тыңдаушы үшін 5 000 ₸
  • Семинар
    Зияткерлік мектеп жобалары арқылы оқушылар бойында «Адал азамат» тұлғасын тәрбиелеу
    1 тыңдаушы үшін 10 000 ₸
  • Шеберлік сыныбы
    Сабақтан конференцияға дейін: ECER және WALS үшін сәтті аннотацияны қалай жазу керек
    1 тыңдаушы үшін 6 000 ₸
  • Каникулдық лагерь (Каникулдық мектеп)
    STEM демалыс мектебі
    1 тыңдаушы үшін 150 000 ₸
  • Семинар
    2. «ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ»
    1 тыңдаушы үшін 39 000 ₸