Семинар бағдарламасы педагогтерге, кітапханашыларға, мектеп әкімшілігіне арналған және цифрлық білім беру ортасында оқушылардың функционалдық және оқырмандық сауаттылығын дамытуға бағытталған. Қатысушылар сыни, шығармашылық және зерттеушілік ойлауды қалыптастыруға арналған заманауи педагогикалық әдістерді меңгереді. Бағдарлама аясында «Көлеңкелі поэзия», «Keyword Hexagon», «Зерттеуші компас», «Әлемдік кафе», «Үш баған» сияқты тиімді әдістер тәжірибеде қолданылады. Genially, Storybird және Gamma онлайн-платформалары арқылы интерактивті оқу материалдарын әзірлеу жолдары қарастырылады. Семинарда жасанды интеллектті күнделікті жұмыста тиімді қолдану және зерттеушілік промпттар құрастыру тәсілдері таныстырылады.