Колледж оқытушысы, ЖОО/Академия оқытушысы, Жалпы білім беретін пәндер оқытушысы, Мектеп мұғалімі
Оқушылардың зерттеу және жобалық жұмыстары
Мұғалімдердің зерттеу және жобалық оқыту әдістемесін меңгеруі, оқушылардың ғылыми ойлауын дамыту
Онлайн
Вебинар
Ұзақтығы
4 күн ішінде 10 сағат
Ұйымдастырушы
НЗМ Шымкент-Абай
Тренер
Ахмедов Н.Н.
Оқыту тілі
Қазақша
11 000 ₸
Вебинар туралы

Бұл семинар мұғалімдердің зерттеу және жобалық оқыту әдістемесін тәжірибеде қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған. Қатысушылар зерттеу мен жобалық жұмыстың айырмашылығын нақты мысалдар арқылы түсінеді. Бірінші модульде inquiry-based learning және project-based learning тәсілдері қарастырылып, мектептегі жобалар талданады. Мұғалімдер оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру жолдарын үйренеді. Екінші модульде research question құру және гипотеза жасау әдістері ұсынылады. Тақырып таңдаудың 5 қадамы көрсетіліп, SMART және SOAR критерийлері қолданылады. Қатысушылар өз пәні бойынша зерттеу сұрағын жазып, оны талқылайды. Үшінші модульде зерттеу дизайны мен деректер жинау әдістері қарастырылады. Мұғалімдер сапалық және сандық әдістерді қолдануды үйренеді. Сауалнама, сұхбат және бақылау құралдарын дайындау тәжірибесі жүргізіледі. Этикалық талаптар түсіндіріліп, деректерді жинаудағы жауапкершілік талқыланады. Төртінші модульде деректерді талдау және нәтижені ұсыну тәсілдері қарастырылады. Қатысушылар кесте, диаграмма және кодталған деректермен жұмыс істейді. Дәлел мен қорытынды жасау жолдары үйретіледі. Нәтижені визуалдау үшін постер, слайд және инфографика қолданылады. Бесінші модульде жоба қорғау және академиялық адалдық мәселелері қарастырылады. Мұғалімдер презентация жасау техникасын меңгереді. Citation және сілтеме жасау ережелері түсіндіріледі. Плагиаттың алдын алу жолдары көрсетіледі. Peer-review және feedback мәдениеті тәжірибеде қолданылады. Семинар барысында микролекция, практикалық кейс, топтық жұмыс және рефлексия әдістері қолданылады. Әр модуль соңында шағын тапсырмалар орындалып, түсіну деңгейі тексеріледі. Қатысушылар мини-зерттеу жоспарын әзірлеп, постер қорғау арқылы нәтижесін ұсынады. Атмосфера ынтымақтастыққа негізделіп, әр мұғалім белсенділік танытады. Семинар соңында мұғалімдер оқушыларға зерттеу және жобалық жұмысты ұйымдастыруға дайын болады.

Оқу аяқталғаннан кейін сіз үйренесіз
Зерттеу құрылымын меңгересіз, research question құрастырасыз, mixed methods қолданасыз, деректермен жұмысқа үйретесіз
Оқушылардың зерттеу және жобалық жұмыстары
11 000 ₸
Оқу қалай өтеді
Бағдарлама онлайн форматында жүзеге асырылады және толығымен өздігінен және икемді өтуге бейімделген:
Сабақ кестесі
5 күн қатарынан 4–8 Мамыр 2026
Ұзақтығы
Онлайн, күніне 2 сағат
17:00 - 19:00 Астана уақытымен
Платформа
Zoom және оқу порталы Барлық материалдар қамтылған
Сізді не күтіп тұр:
• Практикалық жаттығулар мен нақты кейстер
• Зерттеу және жобалық оқыту әдістемелері
• Әріптестермен тәжірибе алмасу
• Оқушылармен жұмысқа арналған нақты құралдар
• Қосымша оқу материалдары мен әдебиеттер
• Бірден қолдануға болатын әдістер мен лайфхактар
Тегін кеңес алу

Біздің ұсыныстарымыз

  • Шеберлік сыныбы
    Risk Management: анықтау, бағалау және басқару құралдары
    1 тыңдаушы үшін 16 100 ₸
  • Олимпиадаларға дайындық
    Химия пәні бойынша олимпиадалық дайындық оқу-жаттығу жиыны
    1 тыңдаушы үшін 85 000 ₸
  • Халықаралық емтихандарға дайындық
    INKY платформасындағы IELTS сынақ тесті
    1 тыңдаушы үшін 15 000 ₸
  • Олимпиадаларға дайындық
    это может сидеть у них в прогамме по подготовке к айлтс
    1 тыңдаушы үшін 85 000 ₸
  • Олимпиадаларға дайындық
    Математика пәнінен олимпиадаларға дайындық бойынша оқу-жаттығу жиыны
    1 тыңдаушы үшін 85 000 ₸
  • Олимпиадаларға дайындық
    География пәнінен олимпиадаларға дайындық бойынша оқу-жаттығу жиыны
    1 тыңдаушы үшін 85 000 ₸
  • Семинар
    «Сабақты зерттеу және іс-әрекетті зерттеу»
    1 тыңдаушы үшін 9 990 ₸