Конференция жылына бір рет өткізіледі және оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін зерттеу нәтижелерін ұсынуға және тәжірибе алмасуға бағытталған.
Ұйымдастырушы: Астана-Нұра қаласындағы НЗМ ЖМБ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ зерттеу департаментінің қолдауымен.
Қатысушылар: НЗМ педагогтері, желілік мектептер және жалпы білім беру мектептері мұғалімдері.
Мақсаты мен міндеттері
Мақсаты — педагогтердің зерттеушілік мәдениетін дамыту.
Міндеттері:
— тәжірибе және әдістемелік идеялар алмасу;
— AR және LS тәсілдерін тарату;
— рефлексиялық және әдістемелік мәдениетті дамыту;
— зерттеу жүргізуге ынталандыру;
— білім беру мәселелерін талқылау
Материалдарға қойылатын талаптар
Материалдар талдамалық және практикалық бағытта болуы тиіс.
Құрамында: контекст, мақсат, әдістер, деректер, талдау, қорытынды, практикалық ұсыныстар болуы керек.
Эмпирикалық және талдамалық зерттеулер қабылданады.
Аралық нәтижелерге рұқсат етіледі.
Құралдар мен әдістемелік материалдар құпталады.
Бағыттар
— педагогикалық деректерді жинау және талдау;
— мақсат қою және өзгерістерді жобалау;
— педагогикалық шешімдерді енгізу;
— нәтижелерді бағалау.
Қатысу форматтары
— секциялық баяндама (10 минут);
— постерлік баяндама.
Презентация талаптары
Ресми стиль, ашық фон, 13–15 слайд.
Құрылымы: титул, кіріспе, мақсат-міндет, нысан мен пән, әдістер, деректер талдауы, әдебиеттер, қорытынды, ұсыныстар, болашақ жоспар.
Постер талаптары
Формат А1, тік, қаріп кемінде 28 pt.
Бөлімдер: өзектілік пен мақсат, зерттеу сұрақтары, әдіснама, нәтижелер, қорытынды, дереккөздер (QR-код болады), видео сілтеме.
Секциялар
Болашақ технологиялары; мұғалімдердің дамуы; бағалау; оқушы үні; STEAM; саралап оқыту; функционалдық сауаттылық; зерттеу дағдылары; балалардың әл-ауқаты.
Байланыс:
Кайыркенова Райгуль Алтынбековна — 87777287195 — Kaiyrkenova_r@ast.nis.edu.kz
Алиева Айнур Зекенкызы — 87470670199 — aliyeva_a@ast.nis.edu.kz