Beyim Connect-тегі алғашқы 300 автордың бірі болыңыз
Кәсіби сұрақ қойыңыз немесе нәтиже берген тәсіліңізбен бөлісіңіз. Алғашқы 300 автор «Beyim Connect негізін қалаушысы» мәртебесін және «Алғашқы үн» марапатын алады. Мәртебе профилінде біржола сақталады.
300 орынның әлі 204 орны бос
Алғашқы мақұлданған жазбаңыз ғана есепке алынады, ал жазбаларға қалдырған жауаптарыңыз есептелмейді.
Жариялау үшін жүйеге кіріңіз. Кірген соң жазба терезесі бірден ашылады.
Мұнда әріптестер дәл қазір пікір алмасып жатыр — тәжірибеңізбен бөлісіп, талқылауға қосылыңыз.
Әріптестер, сіздер мынадай жағдайда не істейсіздер Мен педагог-ассистент болп жасағаныма енді 1айдан асты. Ерекше баламен жұмыс жасауда тәжірибем жоқ. Сондықтан ол қатты ашуланып, өзін ұстай алмай кеткенде нестерімді білмей кетемін.
Как создать условия для успеха каждого ученика в инклюзивном классе?
Коллеги, как вы выстраиваете обучение, учитывая разные образовательные потребности, способности и темп работы учащихся? Какие педагогические приёмы помогают вовлечь каждого ребёнка в учебный процесс, поддержать его мотивацию и создать ситуацию успеха? Буду рада обмену эффективными практиками и профессиональному диалогу. Ведь задача учителя — не научить всех одинаково, а создать условия, в которых каждый сможет раскрыть свой потенциал.
Сыныбымда мынадай жағдай болды Мен өз сабақтарымда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлемін. Сабақ барысында әр оқушының қызығушылығын, белсенділігін және өз ойын еркін жеткізу мүмкіндігін арттыру мақсатында қолжетімді әрі тиімді әдіс-тәсілдерді қолданамын.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін сабақта «Ой қозғау», «Миға шабуыл», «Сұрақ-жауап», «Кластер», «Венн диаграммасы», «INSERT», «Болжау», «Еркін микрофон», «Сәйкестендіру», «Топтық және жұптық жұмыс» сияқты әдістерді жүйелі түрде пайдаланамын.
Бұл әдістерді қолдану барысында оқушылар дайын ақпаратты ғана қабылдамай, өздігінен ойлануға, ақпаратты талдауға, салыстыруға, қорытынды жасауға және өз пікірін дәлелдеуге үйренеді. Әсіресе жаратылыстану пәндерінде теориялық білімді өмірмен байланыстырып, оқушыларға өз идеяларын ұсынуға мүмкіндік беремін.
Мысалы, сабақ барысында белгілі бір құбылысты немесе мәселені түсіндіргеннен кейін оқушыларға «Неліктен?», «Қалай ойлайсың?», «Егер ... болса не өзгереді?» деген бағыттаушы сұрақтар қойып, олардың өз болжамдарын айтуына жағдай жасаймын. Осы арқылы оқушылардың зерттеушілік және шығармашылық ойлау қабілеттері қалыптасады.
Сонымен қатар оқушыларға шағын шығармашылық тапсырмалар беремін: сызба құрастыру, тәжірибе нәтижесін болжау, өз мысалын келтіру, есептің бірнеше шешу жолын ұсыну, постер немесе кластер жасау, тақырып бойынша қорытынды ой жазу. Мұндай тапсырмалар оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оның жеке ойын қалыптастыруға ықпал етеді.
Менің тәжірибем көрсеткендей, шығармашылық қабілетті дамыту үшін міндетті түрде күрделі немесе ерекше әдістер қажет емес. Ең бастысы – сабақ барысында оқушыға ойлануға, ізденуге, таңдау жасауға және өз ойын білдіруге мүмкіндік беру. Қарапайым әрі қолжетімді әдістерді мақсатты түрде қолданудың өзі оқушының сабаққа белсенді қатысуына және өз қабілетін көрсетуіне мүмкіндік береді.
Сондықтан өз тәжірибемде әр сабақта оқушының тек білім алушы емес, өз ойын қалыптастыра алатын, ізденетін және шығармашылықпен жұмыс жасайтын тұлға ретінде дамуына жағдай жасауға тырысамын.
Әріптестер, сіздер мынадай жағдайда не істейсіздер Химия сабағында оқушы қате жауап берген кезде біз көбіне оның қатесін бірден түзетуге асығамыз. Дұрыс жауапты айтып, келесі тапсырмаға көшеміз. Бірақ бір сәт ойланып көрейікші: оқушы неліктен дәл осындай жауап берді? Оның түсінігінде қандай олқылық бар? Мүмкін, сол қате жауаптың өзі жаңа білімге бастайтын жол шығар?
Менің ойымша, химия пәнінде оқушының қатесімен жұмыс істеу – ерекше назар аударуды қажет ететін үдеріс. Себебі химияда әрбір құбылыстың өзіндік себебі, заңдылығы мен түсіндірмесі бар. Оқушы кейде формуланы дұрыс жаза алмағанымен, құбылыстың мәнін түсінуі мүмкін. Ал кейде керісінше, дұрыс жауап бергенімен, оның себебін түсіндіре алмайды.
Мысалы, сабақта оқушыларға «Натрий мен хлор әрекеттескенде қандай зат түзіледі және бұл реакция қалай жүреді?» деген сұрақ қойылады.
Оқушы: «Екі элемент қосылып, натрий хлоридін түзеді», – деп жауап берді делік.
Бұл жауап дұрыс болғанымен, химиялық үдерістің толық мәнін ашпайды. Осындай жағдайда дайын түсіндірмені ұсынудың орнына оқушыға қосымша сұрақтар қоюға болады:
▪️ Натрий атомы электронды неге береді?
▪️ Хлор атомы электронды қабылдағаннан кейін қалай өзгереді?
▪️ Екі ионның арасында қандай байланыс пайда болады?
▪️ Осы реакция нәтижесінде түзілген заттың қасиеті бастапқы элементтердің қасиеттерінен несімен ерекшеленеді?
Осы сұрақтар арқылы оқушы реакцияның сыртқы нәтижесін ғана емес, оның ішкі механизмін де түсіне бастайды.
Осы бағытта сабақта «Қатені тап, түсіндір, түзет» тәсілін қолдануға болады.
Қатені тап. Оқушыларға әдейі қате жазылған реакция теңдеуі немесе ғылыми тұжырым беріледі. Олар қатені анықтайды.
Себебін түсіндір. Қатенің неліктен жіберілгенін талдап, өз болжамдарын айтады.
Дұрысын ұсын. Химиялық заңдылықтарға сүйене отырып, қатені түзетеді.
Дәлелде. Өз жауабын реакция теңдеуі, сызба немесе химиялық түсіндірме арқылы негіздейді.
Бұл тәсілді химиялық реакция теңдеулерін құрастыруда, периодтық заңды меңгеруде, тотығу-тотықсыздану реакцияларын талдауда және есептер шығаруда қолдануға болады.
Мұндағы басты мақсат – оқушыны қателеспеуге үйрету ғана емес, өз қатесін байқай білуге, оны талдауға және дұрыс шешім табуға дағдыландыру.
Мен сабақ барысында бір нәрсені маңызды деп санаймын: кейде оқушының жауабын түзетуден бұрын, оның неге олай ойлағанын түсіну қажет. Өйткені біз тек дұрыс жауапты талап етсек, оқушы дайын білімді қабылдауға үйренеді. Ал оған ойлануға мүмкіндік берсек, өз бетінше қорытынды жасауға талпынады.
Кейде таңертеңгі «Қалыңыз қалай?», үзілістегі қысқа әңгіме немесе сабақтан кейінгі жылы сұхбат ұжымдағы қарым-қатынасты нығайтады.
Small talk – әріптестерді жақындастыратын, өзара сенім қалыптастыратын және мектептегі жағымды атмосфераны құруға ықпал ететін қарапайым қарым-қатынас құралы.
Өйткені жақсы ұжым үлкен істерден ғана емес, осындай шағын әңгімелерден де басталады.
Әріптестер, сіздер мынадай жағдайда не істейсіздер Құрметті әріптестер!
Қазіргі таңда оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру – білім беру саласындағы маңызды міндеттердің бірі.
Біздің мектепте «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Оқушыларымыз Абай, Шәкәрім, Мұқағали, Ақберен және Мұхтар Әуезов оқуларына қатысып, аудандық, облыстық және республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болуда.
Дегенмен барлық оқушыны кітап оқуға қызықтыру оңай емес.
Сұрағым: Құрметті әріптестер, сіздер оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру үшін қандай тиімді әдіс-тәсілдерді қолданасыздар? Өз тәжірибелеріңізбен бөліссеңіздер.
Әріптестер, сіздер мынадай жағдайда не істейсіздер Мысалы, жұмыс барысында күрделі немесе бұрын кездеспеген мәселе туындаған кезде әріптестердің тәжірибесі қажет болады. Мұндай жағдайда тәжірибелі мамандардан кеңес алып, олардың бұрын қолданған тиімді әдістерімен танысу маңызды. Әріптестердің тәжірибесі мәселені жылдам әрі дұрыс шешуге, қателіктердің алдын алуға және кәсіби білім мен дағдыларды жетілдіруге көмектеседі.
Шығармашылық жұмыстың бір түрі – фанфик жазу
Креативтілік – адал ізденіс, шығармашылық дарын мен өзіндік қабілеттің тоғысқан көрінісі. Ол – тұлғаның стандартты емес, тың әрі баламалы шешімдер қабылдай алудағы терең азаматтық пен интеллектуалдық қасиеттерін айқындайды.
Философия мен психология ғылымдарында «креативтілік» категориясын зерттеуде төрт негізгі бағыт сараланады:
Креативтілік – шығармашылық процесс: Ойлау мен ізденістің үздіксіз динамикасы;
Креативтілік – шығармашылық өнім: Жаңа, бірегей дүние құруға бағытталған әрекет нәтижесі;
Креативтілік – интеллектуалдық қабілет: Күрделі тапсырмаларды шешудегі танымдық дарын;
Креативтілік – тұлғалық категория: Мінез-құлық пен өзіндік ұстанымның даралық ерекшелігі.
Тұлғаның креативтілігін дамыту оқу-тәрбие процесін басқаруды көздейді. Шығармашылық атмосфераны қалыптастыру үшін жағымды жағдай туғызу қажет. Көптеген ғалымдардың пікірінше, әр баланың туа біткен шығармашылық мүмкіндігі болады, ал креативтілікті дамыту тек шығармашылық әрекет үстінде жүзеге асады. Демек, шығармашылық даралықты қалыптастыру әлеуметтік орта шарттарына тікелей тәуелді.
Мектеп білім беру әдістері мен танымдық процесті ұйымдастыру тәсілдері арқылы баланың креативтілігін ынталандырады. Ал оны дамытудың басты шарттарының бірі – қауіпсіз, жайлы психологиялық орта.
Әдебиет сабағында оқушының шығармашылық қабілетін қалай дамытуға болады?
Мұғалім, ең алдымен, екі маңызды мәселеге көңіл бөлгені жөн:
Мақсаттың айқындығы: Алға қойған мақсат оқушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс;
Ынталандыру және бағалау: Нәтиже сараланып; оқушыны қызықтыру, тартылуын қамтамасыз ету, қолдау, марапаттау мен мақтау жүйелі жүргізілуі керек.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасында көркем мәтін негізінде жүргізілетін шығармашылық жұмыстардың мынадай түрлері қарастырылған:
а) Автор стиліне жақын шығармашылық жұмыс дайындау;
ә) Көркем мәтін ішіне авторлық идеяға, оқиғаға, кейіпкер табиғатына қайшы келмейтіндей етіп «өз мәтінін» енгізу;
б) Мәтінде кездеспейтін кейіпкерлердің монологы мен диалогын жазу;
в) Кейіпкерлердің портретін өзі жасау, тура мінездемені толықтыру;
г) Автор шығармасынан өзгеше, тың көркемдік шешім табу.
Орта буын оқушыларының «сипаттап жаз», «дамытып жаз», «шығармашылық жұмыс жаса» сияқты тапсырмаларға деген қызығушылығын арттырудың тиімді жолы – фанфик жазу.
Фанфик әдісін пайдалана отырып, жазылым дағдысын дамыту үшін төмендегідей тапсырма түрлерін ұйымдастыруға болады:
Шығармадан тыс қалған көрініс: Оқушыларға «Осы шығармада тағы қандай оқиға болуы мүмкін еді?» деген бағыттаушы сұрақ қою арқылы оқиғаны толықтырып жазғызу.
Жалғастырып жазу: «Шығарма кейіпкерлерінің тағдыры әрі қарай қалай өрбуі мүмкін?» деген сауал төңірегінде сюжетті созбақтау.
Фокусты ауыстыру: Қосалқы кейіпкерге басымдық беріп жазу. «Бұл кейіпкердің шығармадағы орны қандай? Ол болмағанда оқиға желісі қалай өзгерер еді?» деген сұрақтар төңірегінде талдау.
Моральдық қайта бағдарлау: Жағымды кейіпкерді жағымсыз қырынан көрсету немесе керісінше.
Жанрлық трансформация: Шығарманың белгілі бір эпизодын газет мақаласы, пьеса түрінде қайта жазу немесе комедиялық сюжетті трагедияға (не керісінше) айналдыру.
Кроссовер: Әртүрлі шығарма кейіпкерлерін бір сюжетке тоғыстырып, олардың арасындағы диалогті құрастыру.
Қорытындай айтқанда, француз әдебиеттанушысы Ролан Барт айтқандай: «Оқу – жазудың жолсерігі болуы тиіс». Фанфик жазу әдісі дәл осы идеяны іс жүзінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оқушы көркем шығарманы терең оқып, талдау арқылы өзінің жазылым дағдысын жаңа деңгейге көтереді. Автор стилін сақтай отырып, сюжетті дамыту немесе тың көркемдік шешім табу – оқушының бойындағы туа біткен креативтілікті оятады. Бұл тәсіл әдебиет сабағын қызықты етіп қана қоймай, оқушыны стандартты емес шешімдер қабылдай алатын тапқыр, ізденімпаз тұлға ретінде қалыптастырады.