Beyim Ustaz
Кіру Тіркелу
Лентаға оралу
Әріптестер талқылайтын сұрақтар

Оқушының қай сұрағы сабағыңыздың бағытын бір сәтте өзгертіп жіберді?

Күтпеген бір сұрақ сабақ жоспарын басқа арнаға бұрып, бүкіл сыныптың есінде қалатын әңгімеге ұласуы мүмкін. Кейде ең әсерлі сабақ осылай туады.

Сабақтың бағытын өзгерткен сұрақты еске түсіріңіз. Сіз қалай жауап бердіңіз, әрі қарай не болды?
8 әріптес жауап берді Жауап беру

8 жауап

А
Асылзат Қалкозова Цифрлық жаңашыл Негізін қалаушы

Маған оқушымның тек оқығаннан емес оқиғаны түсіндіру арқылы тез ұғынып сол оқуда жауап беруі

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру Оқығандар: 6
Ж
Жанар Тажибаева Өзгеріс көшбасшысы Негізін қалаушы

7-сыныпта қазақ тілі сабағында есімше мен көсемше тақырыбын өтіп жатқанда бір оқушым: «Апай, мұны не үшін оқуымыз керек? Өмірде керек емес қой» деп сұрады.Мен жоспар бойынша ережені түсіндіріп жатқан едім. Сол сұрақ мені тоқтатты. Жоспарды бірден өзгертіп, ережені емес, өмірден мысал айттым: «Оқыған бала» мен «оқып отырған бала» — екі түрлі адам. Бір сөзді дұрыс қолданбасаң, ойың да бұрмаланып кетеді.Сол сәтте сыныптың бәрі тынышталып, тыңдай бастады. Оқушы «аа, түсіндім» деді. Сол күннен кейін мен грамматиканы жаттатумен емес, сөйлеу арқылы түсіндіретін болдым. Сол сұрақ сабағымның бағытын өзгертті.

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру · «Пайдалы тәжірибе» реакциясы: 2 Оқығандар: 14
А
Ардақ Сәрсенбекова Цифрлық жаңашыл Негізін қалаушы

«Мен неге басқа балалар сияқты тапсырманы тез орындай алмаймын?» деген сұрағы мені ойландырды.
Оқушыға әр адамның оқу қарқыны мен мүмкіндігі әртүрлі екенін түсіндірдім. Оған асықпай, тапсырманы кезең-кезеңімен орындауға көмектестім. Нәтижесінде оқушы сабағын жалғастырып, тапсырманы орындауға қызығушылық танытты.
Инклюзивті сыныпта педагог-ассистент ретінде жұмыс барысында оқушының сабаққа назарын тұрақты аударуы, тапсырманы соңына дейін орындауы және сыныптағы оқу үдерісіне бейімделуі қиындық туғызатын жағдайлар кездеседі.
Мен тапсырмаларды жеңілдетіп, кезеңдерге бөліп түсіндіру, көрнекіліктер қолдану, жеке қолдау көрсету және мадақтау әдістерін пайдаланып жүрмін.

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру · «Пайдалы тәжірибе» реакциясы: 2 Оқығандар: 17
М
Маржан Камбарова Негізін қалаушы

Бұл тақырыпты өмірде қалай қолданамыз? Жалпы менің алдағы уақытта болашақта таңдайтын мамандығыма қажет па?

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру · «Пайдалы тәжірибе» реакциясы: 1 Оқығандар: 8
Л
Лаура Жолдасбаева Әр балаға жол табатын педагог Негізін қалаушы

Менің тәжірибемде оқушының қойған кейбір сұрақтары сабақтың бағытын өзгертуі мүмкін. Мысалы, бір оқушы сабақ барысында: «Мен бұл тапсырманы не үшін орындауым керек? Менің қолымнан келмесе ше?» – деп сұрады.

Мен оқушының сұрағына бірден жауап бермей, алдымен оның ойын тыңдап, не себепті олай ойлайтынын анықтауға тырыстым. Оған әр адамның қабілеті әртүрлі екенін, ең бастысы – қателесуден қорықпай, әрекет ету екенін түсіндірдім.

Осыдан кейін сабақтың бағытын аздап өзгертіп, оқушыға қолжетімді тапсырмалар ұсынып, оны ынталандыруға көңіл бөлдім. Нәтижесінде оқушының қызығушылығы артып, тапсырманы орындауға талпынысы байқалды.

Мен үшін бұл жағдайдың маңызы: мұғалім немесе психолог үшін баланың сұрағын есту ғана емес, оның артындағы қажеттілікті түсіну маңызды. Кейде бір сұрақ баланың ішкі ойын түсінуге және жұмыс бағытын дұрыс таңдауға көмектеседі.

Жазбаны ашу
Менің кейсім
1 жауап · «Пайдалы тәжірибе» реакциясы: 1 Оқығандар: 18
Т
Темірлан Серіков Сабақ шебері Негізін қалаушы

Мектептегі математика сабағында «Алгоритмдер және тармақталған процестер» тақырыбын түсіндіріп тұрған кезде, сыныптың алдыңғы қатарында отырған оқушы кенеттен: «Ағай, біз күнделікті өмірде әр қадамымызды жоспарлап, алгоритм құрамыз ғой. Ал қазір барлық нәрсені жасанды интеллект жасап бере алады. Онда неге біз әлі де өз бетімізше терең ойланып, есеп шығаруымыз керек? Егер машина барлығын шешіп қойса, біздің миымыз жұмыс істемей қала ма?» — деп сабақтың бағытын бір сәтте өзгерткен маңызды сұрақ қойды. Бұл күтпеген сұрақ сыныптағы барлық оқушының назарын бірден өзіне аударды, ал мұғалім бұл сәтті оқушылардың цифрлық дәуірдегі сыни ойлауын дамытатын тамаша мүмкіндік ретінде пайдалануды шешті. Мұғалім ең алдымен оқушының сұрағының өте өзекті екенін атап өтіп, калькулятордың шығуы мен есептеу дағдылары туралы өмірден қарапайым аналогия келтірді: калькулятор адамның орнына ойламайтыны сияқты, жасанды интеллект те тек ойлау көкжиегін кеңейтетін құрал ғана екенін түсіндірді. Осыдан кейін дайын шаблонмен жүрудің орнына, сабақ форматы бірден шағын мини-пікірталасқа ұласып, оқушылар «Адам ойының артықшылықтары» мен «Технологияның көмегі» туралы өз ойларын ортаға салды. Нәтижесінде бұл жағдаят сабақты жандандырып жіберді, ал оқушылар алгоритм ұғымын тек қағаздағы сызба немесе код ретінде емес, күнделікті өмірдегі шешім қабылдау логикасы ретінде терең түсініп шықты.

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру · «Пайдалы тәжірибе» реакциясы: 1 1 минуттық оқу Оқығандар: 7
Н
Нуржамал Махсудова Негізін қалаушы

Оқушылармен жұмыс кезінде оларға тапсырманы картинка жүзіндегі саяхатты көрсетіп, текст құрауын тапсыру. Әр баланың ойы әр түрлі жеткізеді хикаяны. Толық нақты нұсқасын жеткізе білген оқушылар өте жақсы бағамен, ал жартылай түсінік бере алған балаларға тиісті бағалау. Бірақ балалармен жұмысты текст құраумен ғана шектелмей сұрақ жауап қояда білуді үйрету.

Жазбаны ашу
Менің кейсім
2 жауап Оқығандар: 9
Р
Райгуль Куптлеуова Негізін қалаушы

Жаңа тақырып өту барысында, білі алушылардың сұрағы "Өмірмен байланысы қандай?, Қайда қолануға болады?" деген сұрақтарды қою барысында мен тақырыпты ашық сұрақтар қою арқылы, сабаққа ерекше болатын көрекілік, жұмбақ болатын тәсілдермен бастаймын.

Жазбаны ашу
Менің кейсім
1 жауап Оқығандар: 2