Beyim Ustaz
Кіру Тіркелу
Лентаға оралу
Әріптестер талқылайтын сұрақтар

Оқушы «Мұны не үшін оқуымыз керек?» деп сұрағанда, қандай жауапты ішіңізден ғана айтасыз?

Бұл сұрақ кейде күтпеген жерден қойылады. Ойға бірден келген шынайы жауап пен оқушыға айтатын жауабымыз көбіне екі бөлек болады.

Ішіңізде қалған жауабыңыз қандай, ал оқушыға не дейсіз? Екі нұсқасымен де бөлісіңіз.
19 әріптес жауап берді Жауап беру

19 жауап

Л
Лиза Скендирова Цифрлық жаңашыл Негізін қалаушы

Кез келген адам үздіксіз оқып, іздену үстінде болу керек. Мен сізге осы қағиданы ұсынар едім.

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру Оқығандар: 8
Г
Гулжанат Скендирова Негізін қалаушы

Мен үшін білмеген сұрақтарыма жауап, алдағы уақытта дұрыс жұмыс жасауым үшін керек

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру Оқығандар: 5
М
Мейржан Журынбаев Негізін қалаушы

«Иногда и я хочу, чтобы ученики понимали, зачем они учатся. Не каждый текст может сразу пригодиться в жизни. Но благодаря чтению расширяется кругозор человека, обогащается словарный запас, формируется мировоззрение. Моя цель — не просто научить читать текст, а научить ребёнка размышлять».

  1. Что я скажу ученику:

«Мы читаем этот текст не просто для выполнения задания. Благодаря чтению мы получаем новую информацию, учимся выражать свои мысли, принимать правильные решения и понимать различные жизненные ситуации. Возможно, то, что ты прочитал сегодня, пригодится тебе завтра. Самое главное — понимать прочитанное и находить в нём что-то полезное для себя».
Мой вывод:
«Цель образования — не просто запоминать всё подряд, а уметь применять полученные знания в жизни. А чтение — это начало этого пути».

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру · «Пайдалы тәжірибе» реакциясы: 1 Оқығандар: 16
М
Мейржан Журынбаев Негізін қалаушы

​1. Ішімізде қалған жауабымыз (шынайы ой / ішкі монолог):
​«Бағдарламада солай жазылғандықтан», «Мемлекеттік стандарт талап еткендіктен» немесе «ҰБТ-да/емтиханда кездеседі».
​Кейде: «Дәл қазір өміріңде кәдеңе жарамас, бірақ бұл миды жаттықтырып, логикалық ойлауды дамыту үшін керек».
​2. Оқушыға айтатын жауабымыз (педагогикалық тәсіл):
​Өмірмен байланыстыру: «Бұл білім ертең өзің қалаған мамандықты таңдағанда, шешім қабылдауға көмектесетін құрал сияқты...»
​Қызығушылығын ояту: «Бұл жұмбақ сияқты ғой, мұны шешу арқылы сен өз мүмкіндіктеріңді сынап көресің...»

Жазбаны ашу
Менің кейсім
2 жауап · «Пайдалы тәжірибе» реакциясы: 1 Оқығандар: 22
А
Асылзат Қалкозова Цифрлық жаңашыл Негізін қалаушы

Келешек өмірде өзіңнің өмірлік мақсатыңа жету үшін.Ертеңгі алға қойған мақсаттарыңды орындау үшін

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру Оқығандар: 8
А
Айгул Абилова Цифрлық жаңашыл Негізін қалаушы

"Өйткені бұл бағдарламада бар, емтиханға міндетті түрде түседі, уақытты алмай, тезірек түсініп ал!"

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру Оқығандар: 2
Ж
Жанар Тажибаева Өзгеріс көшбасшысы Негізін қалаушы

7-сыныпта қазақ тілі сабағында есімше мен көсемше тақырыбын өтіп жатқанда бір оқушым: «Апай, мұны не үшін оқуымыз керек? Өмірде керек емес қой» деп сұрады. Сыныптың бәрі күліп, маған қарады.Оқушыға айтқан жауабым:
«Есімше мен көсемшені емтихан үшін емес, өз ойыңды дәл жеткізу үшін оқып жүрсің. «Оқыған бала» мен «оқып отырған бала» — екі түрлі адам. Бір сөзді дұрыс қолданбасаң, ойың да бұрмаланып кетеді. Қазақша таза, дәл сөйлей білу — сенің күшің.»Ішімде қалған шынайы жауабым:
Шынымды айтсам, ішімнен «қойшы, кейде өзім де шаршап, осының бәрін не үшін деп ойлаймын» дедім. Бірақ оны оқушыға айтпадым. Өйткені ол сұрақ — оның түсінгісі келетінін білдіреді. Жаттағысы келмей, мағынасын білгісі келеді.Нәтиже:
Сол сұрақтан кейін сабақты ереже жаттатумен емес, өмірден мысалмен түсіндірдім. Оқушы «аа, түсіндім» деді. Сол күннен кейін ол сабаққа қызыға қатыса бастады.Қорытынды:
Оқушы «не үшін?» деп сұраса — бұл қарсылық емес, түсінуге деген талпыныс екен.

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру · «Пайдалы тәжірибе» реакциясы: 2 Оқығандар: 15
Б
Баян Мендешова Цифрлық жаңашыл Негізін қалаушы

Навык решения жизненных проблем (Прокачка процессора в голове)

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру Оқығандар: 2
А
Айдана Жұмашева Өзгеріс көшбасшысы Негізін қалаушы

Ішімде қалған жауап: Өмірде бәрі бірдей қажет бола бермейді. Бірақ сен бүгін үйренген нәрсең ертең ойлануыңа, дұрыс шешім қабылдауыңа, өз жолыңды табуыңа көмектесуі мүмкін. Қазір оның маңызын түсінбей отырсың, бірақ білімнің пайдасын уақыт өте келе түсінесің.

Оқушыға берген жауап: Әр білім сенің ой-өрісіңді кеңейтеді, өмірді түсінуге және өз пікіріңді қалыптастыруға көмектеседі. Мүмкін, дәл осы сабақта алған білімің болашақта саған қажет болатын шығар. Бұл біздің өткеніміз, тарихымыз. Оны білу парыз

Жазбаны ашу
Менің кейсім
1 жауап · «Пайдалы тәжірибе» реакциясы: 2 Оқығандар: 33
А
Акмарал Измухан Сабақ шебері Негізін қалаушы

Не все, что мы изучаем в школе, пригодится нам в жизни напрямую. Но учеба развивает мышление, учит анализировать, принимать решения, быть дисциплинированными и не бояться трудностей.

Жазбаны ашу
Менің кейсім
1 жауап · «Пайдалы тәжірибе» реакциясы: 4 Оқығандар: 17
А
Акнур Абилдаева Сабақ шебері Негізін қалаушы

Өйткені, ерекше білімді қажет ететін оқушыларға мұғалімдердің көмегі керек. Білмейсің деп баланы басып тастауға болмайды.

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру Оқығандар: 12
Б
Бибигуль Акбалиева Цифрлық жаңашыл Негізін қалаушы

Оқу арқылы біз көп нәрсені білеміз, жақсы мен жаманды ажыратамыз, ойлануды үйренеміз. Сондықтан білімді болу үшін оқимыз!

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру Оқығандар: 15
С
Серикгүл Табилтай Негізін қалаушы

Ішімде қалған жауабым:

«Балам-ау, мұны өмірде бәрібір қолданбайсың деп ойлауың мүмкін. Бірақ білімнің бәрі бірдей күнделікті қажет бола бермейді. Біз сендерге тек пән үйретіп жатқан жоқпыз, ойлануды, ізденуді, салыстыруды, дұрыс шешім қабылдауды үйретіп жатырмыз. Өмірде кез келген қиындыққа тап болғанда, бүгінгі алған біліміңнің бір бөлшегі саған көмектесуі мүмкін».

Ал оқушыға айтатын жауабым:

«Сен бұл тақырыпты ертең дәл осылай қолданбауың мүмкін. Бірақ бүгін үйренгенің ертеңгі өміріңе қажет дағдыларды қалыптастырады. Білім саған тек баға алу үшін емес, өз ойыңды еркін жеткізуге, ақ пен қараны ажыратуға, дұрыс таңдау жасауға және өмірден өз орныңды табуға көмектеседі. Біз сендерге дайын жауап беруді емес, өз жауаптарыңды табуды үйретеміз».

Өйткені мектептің міндеті – тек білімді оқушы тәрбиелеу емес, өмірге бейім, ойы озық, саналы тұлға қалыптастыру.

Жазбаны ашу
Менің кейсім
1 жауап Оқығандар: 27
С
Салтанат Алдаберген Сабақ шебері Негізін қалаушы

Біз тек баға алу үшін оқымаймыз. Әр пән бізге ойлануды, салыстыруды, дұрыс шешім қабылдауды үйретеді. Қазір қажетсіз болып көрінген білім болашақта пайдаңа асуы мүмкін

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру · «Пайдалы тәжірибе» реакциясы: 1 Оқығандар: 14
Г
Гульжайнар Кайырбаева Сабақ шебері Негізін қалаушы
  1. Ішімнен ғана айтатын жауабым:

«Шынымды айтсам, кейбір тақырыптардың оқушының болашақ өмірінде нақты қажет болатынына өзім де күмәнданамын. Бірақ бұл – оқу бағдарламасы, оны меңгеру керек. Кейде біз баланың өмірге қажет білімінен гөрі, бағасы мен тапсырманың орындалуына көбірек көңіл бөліп кетеміз».

  1. Оқушыға айтатын жауабым:

«Бұл тақырыпты оқу арқылы сен тек білім алып қана қоймайсың, ойлануды, талдауды, салыстыруды және дұрыс шешім қабылдауды үйренесің. Өмірде бүгін үйренген ақпаратыңның бәрі бірдей қажет болмауы мүмкін, бірақ білім алу барысында қалыптасқан ойлау қабілетің, ізденісің мен алған дағдыларың болашақта міндетті түрде көмектеседі. Ең бастысы – не оқығаның ғана емес, сол білімді өмірде қалай қолдана алатының».

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру · «Пайдалы тәжірибе» реакциясы: 1 Оқығандар: 14