Beyim Ustaz
Кіру Тіркелу
Лентаға оралу
Әріптестер талқылайтын сұрақтар

Еңбек жолыңыздың алғашқы жылында сабақ үстінде жиі айтып, қазір мүлде қолданбайтын сөзіңіз қандай?

Алғашқы жылдары біз кейде тым қатал сөйлеп, ұзақ түсіндіреміз немесе өзіміз естіген сөздерді қайталаймыз. Тәжірибемен бірге сыныпқа деген көзқарасымыз да, сөзіміз де өзгереді.

Бұрын жиі айтқан сөзіңізді жазып, одан неліктен бас тартқаныңызды айтыңыз. Қазір оның орнына не дейсіз?
16 әріптес жауап берді Жауап беру

16 жауап

П
Перизат Ғалымжанова Сабақ шебері Негізін қалаушы

Менің еңбек өтілім 2 жыл ғана болғандықтан, «бұрын жиі айтып, қазір мүлде айтпайтын сөзім бар» деп айта алмаймын. Әлі де тәжірибе жинап, өзім де үйреніп келемін. 😊

Бірақ алғашқы кезде балалар бір-бірін қағытып, әзілдескенде, мен де әзілмен жауап беріп қоя салатынмын. Қазір ондай жағдайға басқаша қараймын. Әзілдің жөні бөлек, ал адамның жеке басына тию – бөлек. Балаларға осы екеуінің айырмашылығын түсіндіруге тырысамын.

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру · «Пайдалы тәжірибе» реакциясы: 2 Оқығандар: 22
Ш
Шара Бекмамбетова Цифрлық жаңашыл Негізін қалаушы

Алғашқы жылдары "Таак" дегенді көп айтатынмын. Мен орыс мектебін, колледжді де орысша бітіргеннен бе деп ойлаймын. Жүре келе осы сөзден айырылдым, қалай екенін білмеймін. Кәзір мен "сынып", "вай-фай" деген сөздерді көп айтамын. бұны ата аналарыс байқап қалыпты

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру Оқығандар: 13
П
Перизат Ибрагимова Сабақ шебері Негізін қалаушы

Тыныштық сақтаймыз
Еңбек жолымның алғашқы жылдарында жиі айтылып, қазір сирек қолданылатын сөзім осы болар еді. Ал уақыт өте келе оқушылармен қарым-қатынаста бұйрықтан гөрі түсіндіру мен қолдаудың маңызды екенін түсіндім.

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру · «Пайдалы тәжірибе» реакциясы: 2 Оқығандар: 16
Э
Эльвира Бақытқан Әр балаға жол табатын педагог Негізін қалаушы

Еңбек жолымның алғашқы жылында әр тақырыпты түсіндіріп болған соң, оқушылардан «Түсінікті ме?» немесе «Түсіндіңдер ме?» деп жиі сұрайтынмын. Кейін тәжірибе жинақтай келе, бұл сұрақтың тиімсіз екенін түсіндім. Себебі оқушылар көбіне ұялғаннан немесе сезімталдықтан автоматты түрде «иә» деп жауап бере салады не үндемейді. Қазір бұл сөзден мүлде бас тарттым. Оның орнына кері байланыс орнату үшін: «Бұл бөлім бойынша қандай сұрақтарың бар?», «Қай жерін қайтадан талқылаймыз?» немесе «Бас бармақ», «Бағдаршам» сияқты белсенді әдістерді қолданамын.

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру · «Пайдалы тәжірибе» реакциясы: 2 Оқығандар: 14
Е
Ербол Камзин Өзгеріс көшбасшысы Негізін қалаушы

яғни балалар! Осы сөзді алғашқы уақытта көп айтатынмын. қазір мүлдем қолданбаймын

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру Оқығандар: 2
А
Акнур Абилдаева Сабақ шебері Негізін қалаушы

Тыныштық сақтаймыз деген сөзді жиі қолданатынмын. Қазіргі таңда балаларға еркіндік бере отырып та тапсырманы орындатуға болады.

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру Оқығандар: 14
А
Асылзат Қалкозова Цифрлық жаңашыл Негізін қалаушы

Мен бірінші жылы сабақ барысында мысалы деген сөзді көп қолданатын едім

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру Оқығандар: 4
И
Ирысгуль Абдуллаева Сабақ шебері Негізін қалаушы

Тыныш отыр,дүзу отыр,былай қара,тыңда,сөйлеспе,жатпа,жылдам жаз,

Жазбаны ашу
Менің кейсім
2 жауап Оқығандар: 6
Б
Бибигуль Хайдарова Негізін қалаушы

Мен қалай айттым солай орындайсың. Қазіргі айтатын сөзім : Сен қалай ойлайсың? Сенің қолыңнан келеді.

Жазбаны ашу
Менің кейсім
4 жауап Оқығандар: 8
Ы
Ырысбек Алхаров Негізін қалаушы

Так,

Я думая,

мне кажется

знаю,Молчать!

Не спорьте с преподавателем

Это нужно просто выучить,

Списывать запрещено

Делайте, как я сказал

Неправильно!»

Я лучше знаю!

Зубрите!

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру Оқығандар: 10
М
Маржан Қалкен Негізін қалаушы

Бұрын жиі айтатын сөзім: "Тыныш отырыңдар!"

Одан неге бас тарттым: бұл сөз балаларды тыңдауға емес, қорқуға үйретеді екен. Бала үнсіз қалғанымен, түсінгені шамалы болатын.

Қазір оның орнына: "Құлағымызды қосайық, бір-бірімізді тыңдайық" деймін.

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру Оқығандар: 8
А
Акшагул Нургалиева Негізін қалаушы

Еңбек жолымның алғашқы жылдарында балаларға бір нәрсені түсіндіріп жатып немесе тәртіпке шақырғанда «Қазір тыныш отырыңдар!» немесе «Тек қана мені тыңдаңдар!» деген сөздерді жиі қайталайтын едім.

​Кейіннен тәжірибе жинақтай келе бұл сөздердің балалардың еркін ойлануына, өз бетінше әрекет етуіне белгілі бір дәрежеде шектеу қоятынын түсіндім. Қазір бұл сөздерден мүлде бас тарттым.

​Ендігі кезекте оның орнына балаларды жалықтырмайтын, керісінше қызығушылығын оятып, ынталандыратын әдістерді қолданамын. Мысалы, тыныштық сақтауды қажет етсем: «Ал, балалар, құлағымызды түріп, сиқырлы сәтті бастайық» немесе «Кімнің көзі жайнап, маған қарап тұр екен?» деп жұмсақ әрі ойын түрінде жеткіземін. Бұл балалардың назарын әлдеқайда жылдам аударып, сыныптағы жағымды атмосфераны сақтауға көмектеседі.

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру Оқығандар: 9
Е
Елена Писаренко Сабақ шебері Негізін қалаушы

Так ребята.. Садимся слушать беседу.... Сейчас у нас нет как таковых бесед, больше играем и беседуем в игре

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру Оқығандар: 7
К
Канат Болатов Сабақ шебері Негізін қалаушы

айналайынның баласы,ақылдысың ғо,әке-шешең саған үміт артып отыр

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру Оқығандар: 5
Н
Нургул Дуйсебаева Цифрлық жаңашыл Негізін қалаушы

Қазір көмектесемін деп жиі көмекке келетінмін

Ал қазір кел бірге жасайық деймін

Бірге жасай отырып үйрету

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру Оқығандар: 10