Beyim Ustaz
Кіру Тіркелу
Лентаға оралу
Әріптестер талқылайтын сұрақтар

Сабағыңызда оқушыларға «Өзім байқап көрсем бола ма?» дегізетін не?

Кейде оқушы көмек сұраудың орнына өзі әрекет етіп көргісі келеді. Бұған сәтті қойылған сұрақ, қызықты мысал немесе қателесуге берілген мүмкіндік түрткі болуы мүмкін.

Сабағыңыздағы осындай бір сәтті еске түсіріңіз. Оқушының ынтасын оятқан қандай әдіс, тапсырма немесе сөзіңіз еді?
13 әріптес жауап берді Жауап беру

13 жауап

Л
Лиза Скендирова Цифрлық жаңашыл Негізін қалаушы

Өмірмен байланыстыра сабақты өту барысында оқушы үнін тыңдау керек. Осы кезде осы сұрақты қолданамын.

Жазбаны ашу
Нәтиже берген тәсіл
Жауап беру Оқығандар: 3
Н
Назерке Омарбек Негізін қалаушы

Оқушылар қызыға ды апай мынау жи арқалы кушті екен деп

Жазбаны ашу
Нәтиже берген тәсіл
Жауап беру Оқығандар: 3
Ж
Жанар Тажибаева Өзгеріс көшбасшысы Негізін қалаушы

Менің сабағымда оқушыға «өзім байқап көрсем бола ма?» дегізетін нәрсе — дайын ережені жаттату емес, өзі жасап көруге мүмкіндік беру
.7-сыныпта есімше мен көсемше тақырыбында мен тақтаға ереже жазбадым. Алдымен оқушыларға екі сөйлем бердім: «Оқыған бала кітапты жапты» және «Оқып отырған бала кітапты жапты».
Сосын: «Айырмашылығы неде? Өздерің байқап көріңдерші» дедім.Оқушылар бір-бірімен талқылап, өздері ережені тапты. Бір оқушым: «Апай, өзім байқап көрсем бола ма? Мен өз мысалымды ойлап таптым» деді. Ол тақтаға шығып, өз мысалын жазды. Сыныптың бәрі оны қолдап, өз мысалдарын айта бастады.Сол сәтте түсіндім: оқушыға дайын жауапты бергенше, «өзің байқап көр» деу — әлдеқайда күшті екен. Өзі тапқан ереже ешқашан ұмытылмайды.
Менің әдісім: алдымен мысал, сосын сұрақ, сосын оқушының өзіне мүмкіндік беру.

Жазбаны ашу
Нәтиже берген тәсіл
Жауап беру · «Пайдалы тәжірибе» реакциясы: 2 Оқығандар: 20
С
Сандуғаш Еркін Әр балаға жол табатын педагог Негізін қалаушы

балларға өздеріне ойлануға, есептеуге жеке есептер беремін, дұрысқатені тексертемін

Жазбаны ашу
Нәтиже берген тәсіл
Жауап беру Оқығандар: 3
Н
Нұржан Жылқыбаев Негізін қалаушы

Оқушыны көшбасшы ретінде сезінуін қалыптастыру және ынталандыру

Жазбаны ашу
Нәтиже берген тәсіл
Жауап беру Оқығандар: 3
А
Акнур Абилдаева Сабақ шебері Негізін қалаушы

Ойын түрінде берілген тапсырмалар, өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндік беретін тапсырмалар және топтық жұмыстар.

Жазбаны ашу
Нәтиже берген тәсіл
2 жауап Оқығандар: 16
Л
Лена Естайлакова Өзгеріс көшбасшысы Негізін қалаушы

абағымда оқушыларға «Өзім байқап көрсем бола ма?» дегізетін нәрсе – қызықты тапсырмалар, проблемалық сұрақтар, тәжірибе жасауға мүмкіндік беру және еркін ойлау ортасын қалыптастыру.

Оқушы дайын жауапты алудан гөрі, өз бетінше ізденіп, тәжірибе жасап, қателесіп, қайта түзету арқылы нәтижеге жеткенде оның қызығушылығы артады. Сондықтан сабақта оқушылардың бастамасын қолдап, өздігінен шешім қабылдауына жағдай жасаймын.

Мен үшін ең маңыздысы – оқушының «Мен мұны өзім жасай аламын!» деген сенімін ояту.

Жазбаны ашу
Нәтиже берген тәсіл
1 жауап Оқығандар: 16
Е
Елена Гринь Цифрлық жаңашыл Негізін қалаушы

На уроках информатики желание сказать «А можно я сам попробую?» возникает, когда ученики видят результат своей работы и понимают, что могут создать что-то самостоятельно. Например, на уроке программирования в Scratch я показываю, как оживить персонажа, а затем предлагаю: «А теперь попробуйте придумать что-то своё и удивить меня!» Дети с интересом начинают экспериментировать, добавлять движения, звуки и новые команды. Именно возможность проявить фантазию, самостоятельно найти решение и увидеть результат мотивирует их пробовать и учиться с удовольствием.

Жазбаны ашу
Нәтиже берген тәсіл
Жауап беру Оқығандар: 14
А
Ақерке Қондыбаева Цифрлық жаңашыл Негізін қалаушы

Сабағымда оқушылардың қызығушылығын арттыратын өмірмен байланысты практикалық тапсырмалар, логикалық есептер, ойын элементтері және жасанды интеллект құралдарын қолдану олардың «Өзім байқап көрсем бола ма?» деген ынтасын оятады. Оқушыларға өз бетінше шешім іздеуге, түрлі әдістерді сынап көруге және қателесу арқылы үйренуге мүмкіндік беремін. Бұл олардың шығармашылық ойлауын, өзіне деген сенімділігін және математика пәніне қызығушылығын арттырады.

Жазбаны ашу
Нәтиже берген тәсіл
Жауап беру Оқығандар: 14
А
Айдана Хангелді Негізін қалаушы

Күнделікті өмірдегі құбылыстарды физикалық заңдармен байланыстырамын.

Жазбаны ашу
Нәтиже берген тәсіл
Жауап беру · «Пайдалы тәжірибе» реакциясы: 1 Оқығандар: 7
С
Самал Узбекова Әр балаға жол табатын педагог Негізін қалаушы

Мұғалім оқушының орнына тапсырманы орындамай, бағыт-бағдар беретін тиімді сұрақтар қоюы керек.

Жазбаны ашу
Нәтиже берген тәсіл
4 жауап Оқығандар: 14
А
Акшагул Нургалиева Негізін қалаушы

Мектепалды даярлық сыныбында балалардың қызығушылығын оятып, еркін әрекет етуге жетелейтін сәттер өте көп. Соның бірі — жаңа тақырыпты өткен кезде түрлі тәжірибелер немесе дидактикалық ойындар көрсеткен кезім.

​Мысалы, математика немесе сауат ашу сабағында сиқырлы қорапшадан жұмбақ заттарды шығарып немесе өз қолымызбен қарапайым аппликация құрастырып жатқанда, балалардың көздері жайнап кетіп, кейбірі орнынан асыға ұмтылып: «Апай, бұны өзім байқап көрсем бола ма? Маған да беріңізші!» деп сұрайды.

​Мұндай кезде баланың бетін қайтармай, керісінше оларға мүмкіндік беріп: «Әрине, сен қазір сиқыршы боласың, өзің жасап көр!» деп ынталандырғанымда, олардың жаңа нәрсені үйренуге деген құштарлығы мен сенімділігі екісесе арта түседі. Баланың өз бетімен ізденіп, жасап көруіне жол ашу — олардың білімге деген сүйіспеншілігінің қалыптасуына үлкен негіз болады.

Жазбаны ашу
Нәтиже берген тәсіл
Жауап беру Оқығандар: 7
И
Индира Кантарбаева Сабақ шебері Негізін қалаушы

«Мен білмеймін» деген оқушыға «Білмесең, бірге іздеп көрейік. Алдымен өзің қалай ойлайсың?» деп айтқан сәттерім де көп. Кейде баланың өзіне деген сенімін арттыратын ең қарапайым сөз – осы.

Жазбаны ашу
Нәтиже берген тәсіл
1 жауап Оқығандар: 9