Қазіргі таңда жасанды интеллект білім беру саласына үлкен өзгеріс әкелді. Оқушылар кез келген сұрақтың жауабын ЖИ арқылы жылдам таба алады. Сондықтан мұғалімнің міндеті – оқушыға көп тапсырма беру емес, оны өздігінен ізденуге, ойлануға және шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелейтін тапсырмалар ұсыну. Менің ойымша, ЖИ дәуірінде үй тапсырмасының мынадай түрлерін қолданған тиімді: Зерттеу тапсырмалары. Оқушы белгілі бір тақырып бойынша ақпарат жинап, бақылау жүргізіп, өз қорытындысын жасайды. Мысалы, «Менің айналамдағы экологиялық мәселелер» тақырыбында шағын зерттеу жүргізу. Шығармашылық тапсырмалар. Оқушының қиялы мен қабілетін дамытуға бағытталған тапсырмалар: әңгіме жазу, комикс құрастыру, постер жасау, бейнеролик түсіру, макет дайындау. Практикалық тапсырмалар. Теориялық білімді өмірде қолдануға бағытталады. Мысалы, отбасылық бюджетті есептеу, үйдегі электр энергиясының шығынын анықтау, күнделікті өмірдегі математикалық есептерді шығару. Сыни ойлауға арналған тапсырмалар. ЖИ ұсынған ақпаратты тексеру, қателерін табу, екі түрлі пікірді салыстыру, өз көзқарасын дәлелдеу. Жобалық тапсырмалар. Оқушылар белгілі бір мәселені таңдап, оны шешудің жолдарын ұсынып, жеке немесе топтық жоба қорғайды. Рефлексиялық тапсырмалар. Оқушы сабақта не үйренгенін, қандай қиындыққа кездескенін және оны қалай жеңгенін өз сөзімен жазады.
Жазбаны ашуЖИ дәуірінде оқушы өзі орындауға ынталануы үшін қандай үй тапсырмасын берген жөн?
Қазір дайын жауапты санаулы секундта алуға болады. Соған қарамастан, кей тапсырма оқушының қызығушылығын оятып, өз бетінше ізденуге жетелейді.
18 жауап
ЖИ болмаса өз бетімен іздену қабілеті артады.Өз ойларын бөліседі,есте сақтау қасиеттерін қалыптастырады
Мен балаларға шығармашылық және танымдық ойын түріндегі тапсырмалар беремін. Мысалы, жұмбақ шешу, сурет бойынша әңгіме құрастыру, сөзжұмбақ, сәйкестендіру және белгілі бір тақырыпқа байланысты шағын зерттеу жұмыстарын орындау.
ЖИ дәуірінде мен оқушыға ЖИ-ге тапсырып жібере алмайтын үй тапсырмасын беремін.7-сыныпта қазақ тілінен есімше мен көсемше тақырыбында мынадай тапсырма бердім: «Үйдегілеріңмен 5 минут сөйлес. Олардың сөйлеген сөзінен есімше мен көсемше бар 5 сөйлемді жазып ал. Кім, қашан, қандай жағдайда айтты — сонымен қоса жазып кел.»ЖИ мұны жасай алмайды, өйткені бұл — оның өз үйі, өз отбасы, өз өмірі. Оқушы дайын жауапты көшіре алмайды, өзі тыңдап, өзі жазып келеді.Нәтижесі: ертеңіне оқушылар бір-бірімен жарысып, кім көбірек мысал тапқанын айтып келді. Біреуі әжесінің, біреуі әкесінің сөзін жазып келіпті. Тапсырманы «орындау» емес, «зерттеу» деп қабылдады.Қорытынды: ЖИ дәуіріндегі ең жақсы үй тапсырмасы — көшіруге болмайтын, тек өзің көріп, өзің тыңдап, өзің жасаған тапсырма екен.
Физика пәнінен мен жыл басында оқушыларға есептер беріп жүрдім. Оқушылар басым бөлігі ииден көшіріп келіп жүрді, сосын есеп беруді азайтып орнына тақырыпқа сай сұрақ жауабын типті ииден сұрасада есінде қалатын өмірмен, табығатпен байланысты ойландыратын сұрақтар немесе үй жағдайында өміріне қауіпсіз тәжірибе жасап не өзгергенін не байқағанын біліп келуге беремін.
- Оқушыға бір тақырып бойынша үш нұсқаның бірін таңдауға мүмкіндік беру:
- 5 есеп шығару;
- Бір күрделі есепті бірнеше тәсілмен шығару;
- Тақырып бойынша шағын бейнесабақ дайындау.
- Ең маңызды ұсыныс
- «Бір тапсырма – бір нәтиже» емес, «Бір тапсырма – өз ізденісі, өз шешімі, өз қорытындысы» қағидасын ұстанған дұрыс.
Бір тақырып бойынша 3 қызықты дерек тауып келу. Шығармашылық тапсырмалар яғни өз қолыңмен кітапша жасау немесе тақырып бойынша сурет салу. Өмірмен байланысты тапсырмалар дүкенге барғанда заттардың бағасын есептеу.Тапсырманы таңдауға мүмкіндік беру.
ЖИ арқылы оқушыларға тапсырманы ойын түрінде беру арқылы қызығушылығын арттырамын.
Өздігінен ойлануға, зерттеуге, ізденуге және шығармашылық жұмыс істеуге тапсырмалар беру керек.
2-сынып оқушылары үшін үй тапсырмасы ойын, зерттеу, бақылау және өмірмен байланысты болуы керек
Іздену жұмыстарын берген жөн деп ойлаймын.Іздеп тауып өз жұмысын қорғап шықса,бұл бір жетістікқой
ЖИ дәуірінде оқушының өздігінен ізденуіне ынталандыратын ең тиімді үй тапсырмасы – жеке тәжірибесіне, өз көзқарасына, шығармашылығына және өмірмен байланысына негізделген тапсырма деп ойлаймын. Мен 10-сыныптың Т2 бағытына, Қадыр Мырза Әлінің «Аралым...» өлеңіне байланысты мынадай тапсырма ұсынар едім. Үй тапсырмасы: «Аралға хат» шығармашылық жұмысы Тапсырма шарты: Өзіңді Арал теңізінің жағасында тұрған жас тілші ретінде елестет. Арал теңізіне арнап 8–10 сөйлемнен тұратын хат жаз. Өлеңдегі ақынның жан күйзелісін өз сөзіңмен жеткіз. Аралдың қазіргі жағдайын зерттеп, бір нақты дерек келтір. Аралды сақтап қалу үшін өзің ұсынатын 2 шешімді жаз. Жұмысыңа өзің түсірген немесе таңдаған бір суретті тірке. ЖИ қолдану шарты: Алдымен жұмысты өз бетіңше орында. Содан кейін ЖИ-ден өз ойыңды дамытуға көмектесетін ұсыныс сұра. ЖИ ұсынған ақпаратты тексер. Соңында «ЖИ-ден не үйрендім, өз жұмысымда нені өзгерттім?» деген сұраққа жауап бер. Бұл тапсырманың сәтті тұсы неде? Оқушы дайын мәтінді көшірмейді, өз көзқарасын білдіреді. Ақын шығармасын бүгінгі экологиялық мәселемен байланыстырады. Зерттеу, шығармашылық және сыни ойлау дағдылары дамиды. ЖИ оқушының орнына жұмыс істемейді, оның ізденісіне көмекші құрал болады. Әр оқушының жұмысы өзіндік ерекшелігімен бағаланады. Тағы бір тиімді тәсіл – «Менің қолтаңбам» әдісі. Оқушы жұмысының соңына өзі ғана жауап бере алатын үш сұраққа жауап жазады: Бұл жұмыстағы ең маңызды өз ойым қандай? Қай тұсын орындау маған қиын болды? ЖИ-дің жауабымен қай тұста келіспедім? Неліктен? Менің ұстанымым: ЖИ дәуірінде үй тапсырмасының мақсаты – оқушыға дайын жауап тапқызу емес, оны өз бетінше ойлануға, ізденуге және жеке пікір айтуға үйрету. Оқушының өз қолтаңбасы көрінген тапсырма ғана шынайы білімге жетелейді.
Жазбаны ашуЖИ дәуірінде оқушыларға өз өмірімен байланысты, шығармашылық және қызықты үй тапсырмаларын берген тиімді деп ойлаймын.
Мысалы, орыс тілі мен әдебиеті сабағында «Менің отбасымдағы еңбек» тақырыбында ата-анасынан шағын сұхбат алып, өз ойымен бөлісуді тапсырдым.
Сәтті тұсы: оқушылар тапсырманы қызығушылықпен орындап, өз бетінше ізденді, ата-аналарымен әңгімелесті және өз ойларын жеткізуге үйренді. Ең бастысы, дайын жауапты ЖИ-ден алмай, жеке тәжірибесіне сүйеніп орындауға ынталанды.
Жоба жасату керек. Әр оқушы қағаздан суреттен жасап соны өздері ауызша қорғау керек
Задания, связанные с личным опытом, Исследовательские задания, Практические задания,Задания с элементом творчества