7-сыныпта қазақ тілі сабағында есімше мен көсемше тақырыбын өтіп жатқанда бір оқушым: «Апай, мұны не үшін оқуымыз керек? Өмірде керек емес қой» деп сұрады.Мен жоспар бойынша ережені түсіндіріп жатқан едім. Сол сұрақ мені тоқтатты. Жоспарды бірден өзгертіп, ережені емес, өмірден мысал айттым: «Оқыған бала» мен «оқып отырған бала» — екі түрлі адам. Бір сөзді дұрыс қолданбасаң, ойың да бұрмаланып кетеді.Сол сәтте сыныптың бәрі тынышталып, тыңдай бастады. Оқушы «аа, түсіндім» деді. Сол күннен кейін мен грамматиканы жаттатумен емес, сөйлеу арқылы түсіндіретін болдым. Сол сұрақ сабағымның бағытын өзгертті.
Педагогтердің 300 үні
Beyim Connect-тегі алғашқы 300 автордың бірі болыңыз
Кәсіби сұрақ қойыңыз немесе нәтиже берген тәсіліңізбен бөлісіңіз. Алғашқы 300 автор «Beyim Connect негізін қалаушысы» мәртебесін және «Алғашқы үн» марапатын алады. Мәртебе профилінде біржола сақталады.
300 орынның әлі 284 орны бос Алғашқы мақұлданған жазбаңыз ғана есепке алынады, ал жазбаларға қалдырған жауаптарыңыз есептелмейді.
Жариялау үшін жүйеге кіріңіз. Кірген соң жазба терезесі бірден ашылады.
Ж
Жанар Тажибаева
Өзгеріс көшбасшысы
Негізін қалаушы
Менің кейсім
Тәжірибеңізбен бөлісу үшін Кіріңіз.