Beyim Connect-тегі алғашқы 300 автордың бірі болыңыз
Кәсіби сұрақ қойыңыз немесе нәтиже берген тәсіліңізбен бөлісіңіз. Алғашқы 300 автор «Beyim Connect негізін қалаушысы» мәртебесін және «Алғашқы үн» марапатын алады. Мәртебе профилінде біржола сақталады.
300 орынның әлі 256 орны бос
Алғашқы мақұлданған жазбаңыз ғана есепке алынады, ал жазбаларға қалдырған жауаптарыңыз есептелмейді.
Жариялау үшін жүйеге кіріңіз. Кірген соң жазба терезесі бірден ашылады.
Тәжірибеңізбен бөлісіп, жұмысыңызға көмектесетін әдістер туралы кеңірек жазыңыз.
Педагогический приём «Телеграф: от промпта к смыслу» — искусственный интеллект как инструмент глубокого анализа художественного текста
Использую этот приём не только на открытых уроках, но и в повседневной практике, особенно в старших классах, где у части учащихся наблюдается снижение интереса к чтению.
Моя задача — не просто привлечь внимание учеников с помощью искусственного интеллекта, а вовлечь их в полноценное чтение, анализ и осмысление литературного произведения.
Как работает приём?
Деление текста на смысловые части. Учитель распределяет художественное произведение между группами в соответствии с его композицией: завязка, развитие действия, кульминация и развязка.
Чтение и анализ. Каждая группа получает небольшой фрагмент произведения. В течение 10 минут учащиеся читают его, анализируют содержание, определяют ключевые события, поступки героев, авторскую позицию и основную мысль.
Работа с искусственным интеллектом. На основе прочитанного учащиеся формулируют промпт и используют ИИ для создания презентации по своему фрагменту. При этом искусственный интеллект выступает помощником, а не заменой самостоятельного анализа.
Командная презентация. Каждый участник группы получает свою часть выступления и обязательно представляет результаты работы: раскрывает содержание эпизода, объясняет его значение и аргументирует выводы.
Объединение смыслов. В результате совместной работы весь класс восстанавливает композицию произведения, прослеживает развитие сюжета и понимает, как отдельные эпизоды связаны с общей авторской идеей.
Почему этот приём эффективен?
Повышает интерес к чтению даже у учащихся, которые не проявляют особой активности при работе с большими текстами.
Развивает читательскую и функциональную грамотность.
Формирует навыки анализа художественного текста и аргументации.
Развивает критическое мышление и цифровую грамотность.
Учит работать в команде, распределять ответственность и публично представлять результаты.
Обеспечивает включённость каждого ученика в образовательный процесс.
Мой педагогический принцип:
Искусственный интеллект не должен читать и анализировать произведение вместо ученика. Он должен стать инструментом, который помогает школьнику увидеть глубину текста, научиться задавать вопросы, самостоятельно мыслить и аргументировать свою позицию.
Моя цель — сделать так, чтобы даже ученик, который не любит читать, захотел открыть текст, найти в нём смысл и поделиться своим открытием с другими.
Урок, который продолжается за пределами класса!
Тәжірибемде «Менеджмент және көшбасшылық: табысты басқару стратегиясы» курсын оқытуда тыңдаушыларға берілетін қосымша ақпаратпен бөлісемін. Тиімді басшы болу үшін бұл стратегияны қолдану маңызды.
Мектеп басшысының күнделікті жұмысы — бұл шексіз педагогикалық кеңестер, ата-аналармен жұмыс және шаруашылық мәселелердің тоғысы. Сондықтан Focus Protocol мектеп директоры немесе орынбасары үшін өте өзекті.
Бар болғаны 20 минут ішінде өнімділікті қалпына келтіру үшін энергияны үш негізгі нүктеге (Ақыл-ой, Дене, Әрекет) бағыттаймыз.
1-нүкте: Интеллектуалды тазарту (Ақыл-ой) (5 минут)
Басшының миында бір мезгілде ондаған міндет айналып тұрады. Бұл кезеңнің мақсаты — «оперативті жадты» босатып, назарды бір ғана басты нәрсеге бұру.
Миды босату (Brain Dump) (2 минут). Қағаз немесе планшет алып, қазір сізді алаңдатып тұрған барлық ұсақ-түйек ойларды, қоңырауларды, кездесулерді тізіп жазып алыңыз. Оларды қағазға түсірген сәтте, ми оларды «есте сақтау» міндетінен босатылады.
Жалғыз басымдықты анықтау (3 минут).. Барлық тізімнің ішінен дәл қазір сіздің мақсатыңызға ең үлкен нәтиже әкелетін 1 ғана міндетті таңдаңыз. Қалғанының бәрін кейінге қалдырыңыз.
2-нүкте: Физикалық қайта жүктеу (Дене)
Энергия тек мида емес, денеде де шоғырланады. Стресс пен үнемі отырып жұмыс істеу қан айналымын баяулатады. Бұл кезеңде стресс гормоны (кортизол) деңгейін түсіріп, оттегі ағынын көбейтеміз.
Кеңістікті өзгерту: Орныңыздан тұрыңыз. Егер мүмкін болса, терезені ашыңыз немесе бөлмеден бір сәтке шығып келіңіз. Бір стақан таза су ішіңіз.
«Төртбұрышты» тыныс алу (Box Breathing) (3 минут). Бұл әскерилер мен топ-менеджерлер қолданатын техника. 4 секунд ішіне дем тартыңыз → 4 секунд деміңізді ұстаңыз → 4 секунд дем шығарыңыз → 4 секунд дем алмай тұрыңыз. Циклды 4-5 рет қайталаңыз. Бұл жүйке жүйесін бірден тыныштандырады.
Қалыпты (позаны) реттеу (1 минут): Кеудені тіктеп, иықты артқа тастаңыз. Физиологиялық тұрғыда тік қалып миға «барлығы бақылауда» деген сигнал жібереді.
3-нүкте: Операциялық фокус (Әрекет) — 10 минут
Енді сіздің миыңыз таза, денеңіз тыныш. Келесі қадам — осы жинақталған энергияны жаңа ғана анықталған басты міндетке (1-нүктедегі) бағыттау.
Бөгеттерді бұғаттау (1 минут): Телефонды «Мазаламау» (Do Not Disturb) режиміне қойыңыз. Есікті жабыңыз. Барлық қажет емес браузер терезелерін жабыңыз. Ешкім 10 минутсыз сізді мазаламауы тиіс.
Микро-әрекетке кірісу (9 минут): Басты міндетті орындау үшін жасалуы керек ең алғашқы, ең кішкентай қадамды жасаңыз. Егер бұл үлкен есеп беру болса — тек кіріспесін жазыңыз. Егер қиын келіссөз болса — тезистерді қағазға түртіңіз. Мақсат — істі аяқтау емес, «қозғалыс инерциясын іске қосу». 10 минуттан кейін сіз толықтай жұмыс процесіне еніп кетесіз.
Басшыға кеңес: Бұл протоколды күніне 1-2 рет (мысалы, түскі астан кейінгі энергия төмендеген кезде немесе өте маңызды жиналыс алдында) қолдануды әдетке айналдырыңыз. Ол сыртқы хаосты тоқтатып, ішкі бақылауды өз қолыңызға алуға көмектеседі.
Өз тәжірибеммен бөлісемін. Басшылардың кері байланыс беру дағдысын арттыру үшін төмендегі мысалдар мен мәселелерді қарастырып жүрмін. Ол үшін мектеп басшыларына мынадай бір сұрақ қоямын: Басшы ретінде сіздің соңғы кері байланысыңыз мұғалімге нені түсіндірді: оның нені дұрыс істемегенін бе, әлде енді нені басқаша істей алатынын ба?
Мысалы : 1-ші басшы: бақылаушы менеджер
Сабақтан кейін мұғалімге айтады:
— Оқушылар белсенді болмады. Сұрақтарыңыз әлсіз. Сабақты дұрыс ұйымдастырмадыңыз. Келесі жолы жақсырақ дайындалыңыз.
Нәтижесі: мұғалім кемшілігін естиді, бірақ нақты нені және қалай өзгерту керегін түсінбеуі мүмкін. Келесі бақылауда ол өз жұмысын жақсартудан гөрі, қате жібермеуге тырысуы ықтимал.
2-ші басшы: дамуға бағытталған көшбасшы
— Сабақта оқушылардың жауаптарын тыңдауға мүмкіндік бердіңіз. Бір нәрсеге назар аударайық: жауап берген оқушылардың көбі дайын білімді қайталады. Олардың өз бетінше ойлауын қалай байқауға болады? Келесі сабақта бір ашық сұрақ қосып көрсек қайтеді? Нәтижесін бірге талдайық.
Нәтижесі: мұғалім мәселені нақты түсінеді, шешім іздеуге қатысады және келесі әрекетін жоспарлайды.
Бұл мысалдың ерекшелігі — екі басшы да бір мәселені көріп отыр. Бірақ біріншісі баға береді, екіншісі кәсіби дамуға ықпал етеді.
Екі мысалды да тұжырымдай келе: Кері байланыстың сапасы айтылған сынның қаттылығымен емес, одан кейінгі кәсіби әрекеттің қаншалықты жақсарғанымен өлшенетінін көрсетемін. Әрине, мұғалімнің келесі сабағы міндетті түрде бірден жақсарады деп кепілдік беруге болмайды. Ол үшін кері байланыспен қатар уақыт, әдістемелік қолдау және қайта тәжірибе жасау мүмкіндігі қажет.
Заманауи басшы кері байланыс берудің негізгі ерекшеліктерін дұрыс түсінуі қажет:
1.Кері байланыс тек мақтау ғана емес (мысалы: «Бұл керемет сабақ болды!», «Сіз керемет ұстазсыз!»)
2.Кері байланыс тек мұғалімге ақыл айтып, үйрету ғана емес (мысалы: «Сабақта дарынды оқушыларға назар аудару керек еді», «Тапсырмаларда саралауды ескеру керек еді»)
3.Кері байланыс – бұл баға беру емес (мысалы: «Менің ойымша, бұл сабақ қанағаттанарлық деп бағаланды», «Сабақ өте нашар өтті!»)
Көп басшы кері байланыс беру кезінде нені айту керек екенін біледі, алайда қалай айту керектігін білмейді. Кері байланыс – туа біткен қабілет емес, үйренілетін дағды екеніне назар аудартамын. Мектеп директорының ең басты құралы – дұрыс сұрақ қою. Сұрақ қою дағдысын арттыру үшін әрбір басшы сабаққа кірер алдын дайындап алған «Күшті сұрақтар банкі»-әдісі бойынша сұрақтарын қолдануды ұсынамын:
-10 ашық сұрақ;
-5 зерттеушілік сұрақ;
-5 рефлексиялық сұрақ, дайындап алу маңызды. Сеніңіз, бұл көмектеседі!
Бұл кез келген директор үйрене алатын құзырет.
Шығармашылық жұмыстың бір түрі – фанфик жазу
Креативтілік – адал ізденіс, шығармашылық дарын мен өзіндік қабілеттің тоғысқан көрінісі. Ол – тұлғаның стандартты емес, тың әрі баламалы шешімдер қабылдай алудағы терең азаматтық пен интеллектуалдық қасиеттерін айқындайды.
Философия мен психология ғылымдарында «креативтілік» категориясын зерттеуде төрт негізгі бағыт сараланады:
Креативтілік – шығармашылық процесс: Ойлау мен ізденістің үздіксіз динамикасы;
Креативтілік – шығармашылық өнім: Жаңа, бірегей дүние құруға бағытталған әрекет нәтижесі;
Креативтілік – интеллектуалдық қабілет: Күрделі тапсырмаларды шешудегі танымдық дарын;
Креативтілік – тұлғалық категория: Мінез-құлық пен өзіндік ұстанымның даралық ерекшелігі.
Тұлғаның креативтілігін дамыту оқу-тәрбие процесін басқаруды көздейді. Шығармашылық атмосфераны қалыптастыру үшін жағымды жағдай туғызу қажет. Көптеген ғалымдардың пікірінше, әр баланың туа біткен шығармашылық мүмкіндігі болады, ал креативтілікті дамыту тек шығармашылық әрекет үстінде жүзеге асады. Демек, шығармашылық даралықты қалыптастыру әлеуметтік орта шарттарына тікелей тәуелді.
Мектеп білім беру әдістері мен танымдық процесті ұйымдастыру тәсілдері арқылы баланың креативтілігін ынталандырады. Ал оны дамытудың басты шарттарының бірі – қауіпсіз, жайлы психологиялық орта.
Әдебиет сабағында оқушының шығармашылық қабілетін қалай дамытуға болады?
Мұғалім, ең алдымен, екі маңызды мәселеге көңіл бөлгені жөн:
Мақсаттың айқындығы: Алға қойған мақсат оқушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс;
Ынталандыру және бағалау: Нәтиже сараланып; оқушыны қызықтыру, тартылуын қамтамасыз ету, қолдау, марапаттау мен мақтау жүйелі жүргізілуі керек.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасында көркем мәтін негізінде жүргізілетін шығармашылық жұмыстардың мынадай түрлері қарастырылған:
а) Автор стиліне жақын шығармашылық жұмыс дайындау;
ә) Көркем мәтін ішіне авторлық идеяға, оқиғаға, кейіпкер табиғатына қайшы келмейтіндей етіп «өз мәтінін» енгізу;
б) Мәтінде кездеспейтін кейіпкерлердің монологы мен диалогын жазу;
в) Кейіпкерлердің портретін өзі жасау, тура мінездемені толықтыру;
г) Автор шығармасынан өзгеше, тың көркемдік шешім табу.
Орта буын оқушыларының «сипаттап жаз», «дамытып жаз», «шығармашылық жұмыс жаса» сияқты тапсырмаларға деген қызығушылығын арттырудың тиімді жолы – фанфик жазу.
Фанфик әдісін пайдалана отырып, жазылым дағдысын дамыту үшін төмендегідей тапсырма түрлерін ұйымдастыруға болады:
Шығармадан тыс қалған көрініс: Оқушыларға «Осы шығармада тағы қандай оқиға болуы мүмкін еді?» деген бағыттаушы сұрақ қою арқылы оқиғаны толықтырып жазғызу.
Жалғастырып жазу: «Шығарма кейіпкерлерінің тағдыры әрі қарай қалай өрбуі мүмкін?» деген сауал төңірегінде сюжетті созбақтау.
Фокусты ауыстыру: Қосалқы кейіпкерге басымдық беріп жазу. «Бұл кейіпкердің шығармадағы орны қандай? Ол болмағанда оқиға желісі қалай өзгерер еді?» деген сұрақтар төңірегінде талдау.
Моральдық қайта бағдарлау: Жағымды кейіпкерді жағымсыз қырынан көрсету немесе керісінше.
Жанрлық трансформация: Шығарманың белгілі бір эпизодын газет мақаласы, пьеса түрінде қайта жазу немесе комедиялық сюжетті трагедияға (не керісінше) айналдыру.
Кроссовер: Әртүрлі шығарма кейіпкерлерін бір сюжетке тоғыстырып, олардың арасындағы диалогті құрастыру.
Қорытындай айтқанда, француз әдебиеттанушысы Ролан Барт айтқандай: «Оқу – жазудың жолсерігі болуы тиіс». Фанфик жазу әдісі дәл осы идеяны іс жүзінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оқушы көркем шығарманы терең оқып, талдау арқылы өзінің жазылым дағдысын жаңа деңгейге көтереді. Автор стилін сақтай отырып, сюжетті дамыту немесе тың көркемдік шешім табу – оқушының бойындағы туа біткен креативтілікті оятады. Бұл тәсіл әдебиет сабағын қызықты етіп қана қоймай, оқушыны стандартты емес шешімдер қабылдай алатын тапқыр, ізденімпаз тұлға ретінде қалыптастырады.