Оқушының қай сұрағы сабағыңыздың бағытын бір сәтте өзгертіп жіберді?
«Мен неге басқа балалар сияқты тапсырманы тез орындай алмаймын?» деген сұрағы мені ойландырды.
Оқушыға әр адамның оқу қарқыны мен мүмкіндігі әртүрлі екенін түсіндірдім. Оған асықпай, тапсырманы кезең-кезеңімен орындауға көмектестім. Нәтижесінде оқушы сабағын жалғастырып, тапсырманы орындауға қызығушылық танытты.
Инклюзивті сыныпта педагог-ассистент ретінде жұмыс барысында оқушының сабаққа назарын тұрақты аударуы, тапсырманы соңына дейін орындауы және сыныптағы оқу үдерісіне бейімделуі қиындық туғызатын жағдайлар кездеседі.
Мен тапсырмаларды жеңілдетіп, кезеңдерге бөліп түсіндіру, көрнекіліктер қолдану, жеке қолдау көрсету және мадақтау әдістерін пайдаланып жүрмін.