Beyim Ustaz
Кіру Тіркелу
Әріптестер талқылайтын сұрақтар
Педагогтердің 300 үні

Beyim Connect-тегі алғашқы 300 автордың бірі болыңыз

Кәсіби сұрақ қойыңыз немесе нәтиже берген тәсіліңізбен бөлісіңіз. Алғашқы 300 автор «Beyim Connect негізін қалаушысы» мәртебесін және «Алғашқы үн» марапатын алады. Мәртебе профилінде біржола сақталады.

300 орынның әлі 256 орны бос Алғашқы мақұлданған жазбаңыз ғана есепке алынады, ал жазбаларға қалдырған жауаптарыңыз есептелмейді.
Жариялау үшін жүйеге кіріңіз. Кірген соң жазба терезесі бірден ашылады.
Сабағыңыз қиын өтті ме немесе бөлісуге тұрарлық әдіс таптыңыз ба? Әріптестер өз тәжірибесіне сүйеніп жауап береді.
С
Сара Наурзбекова Негізін қалаушы

Сыныбымда мынадай жағдай болды Еңбек жолымды алғаш бастаған жылдары «Тыныш отырыңдар!», «Неге түсінбейсіңдер?» деген сөздерді жиі айтатынмын. Уақыт өте келе әр баланың қабылдауы, мінезі мен қабілеті әртүрлі екенін түсіндім. Қазір «Сенің қолыңнан келеді!», «Тағы бір рет бірге жасап көрейік!», «Мен саған сенемін!» деп айтуға тырысамын. Себебі балаға қатал сөзден гөрі қолдау мен сенім көбірек әсер ететінін тәжірибем көрсетті.

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру Оқығандар: 3
Г
Гульжакан Кожамуратова Сабақ шебері Негізін қалаушы

ЖИ дәуірінде оқушы өзі орындауға ынталануы үшін қандай үй тапсырмасын берген жөн?

ЖИ дәуірінде оқушының өздігінен ізденуіне ынталандыратын ең тиімді үй тапсырмасы – жеке тәжірибесіне, өз көзқарасына, шығармашылығына және өмірмен байланысына негізделген тапсырма деп ойлаймын. Мен 10-сыныптың Т2 бағытына, Қадыр Мырза Әлінің «Аралым...» өлеңіне байланысты мынадай тапсырма ұсынар едім. Үй тапсырмасы: «Аралға хат» шығармашылық жұмысы Тапсырма шарты: Өзіңді Арал теңізінің жағасында тұрған жас тілші ретінде елестет. Арал теңізіне арнап 8–10 сөйлемнен тұратын хат жаз. Өлеңдегі ақынның жан күйзелісін өз сөзіңмен жеткіз. Аралдың қазіргі жағдайын зерттеп, бір нақты дерек келтір. Аралды сақтап қалу үшін өзің ұсынатын 2 шешімді жаз. Жұмысыңа өзің түсірген немесе таңдаған бір суретті тірке. ЖИ қолдану шарты: Алдымен жұмысты өз бетіңше орында. Содан кейін ЖИ-ден өз ойыңды дамытуға көмектесетін ұсыныс сұра. ЖИ ұсынған ақпаратты тексер. Соңында «ЖИ-ден не үйрендім, өз жұмысымда нені өзгерттім?» деген сұраққа жауап бер. Бұл тапсырманың сәтті тұсы неде? Оқушы дайын мәтінді көшірмейді, өз көзқарасын білдіреді. Ақын шығармасын бүгінгі экологиялық мәселемен байланыстырады. Зерттеу, шығармашылық және сыни ойлау дағдылары дамиды. ЖИ оқушының орнына жұмыс істемейді, оның ізденісіне көмекші құрал болады. Әр оқушының жұмысы өзіндік ерекшелігімен бағаланады. Тағы бір тиімді тәсіл – «Менің қолтаңбам» әдісі. Оқушы жұмысының соңына өзі ғана жауап бере алатын үш сұраққа жауап жазады: Бұл жұмыстағы ең маңызды өз ойым қандай? Қай тұсын орындау маған қиын болды? ЖИ-дің жауабымен қай тұста келіспедім? Неліктен? Менің ұстанымым: ЖИ дәуірінде үй тапсырмасының мақсаты – оқушыға дайын жауап тапқызу емес, оны өз бетінше ойлануға, ізденуге және жеке пікір айтуға үйрету. Оқушының өз қолтаңбасы көрінген тапсырма ғана шынайы білімге жетелейді.

Жазбаны ашу
Сабақ идеясы
Жауап беру 2 минуттық оқу Оқығандар: 3
М
Майра Кубашева Сабақ шебері Негізін қалаушы

Сабағыңызда оқушыларға "Өзім байқап көрсем бола ма?" дегізеті не?

Сыныбымда мынадай жағдай болды Сабағымда оқушыларға "өзім жасап көрсем бола ма?" дегізетін ең күшті сәт - ол өзі жасаған нәрсенің жұмыс істегенін көрген сәт.

Мысалы: информатика сабағында Teachable Machine - де өз қолыммен үйреткен модельді көрсеткенде, балалар алғашында жай қарап отырды. Ал "қолыңды көтерсең компьютер сені таниды" өзіме сынатып көргенде, бәрі бірден: "Апай, мен де байқап көрейінші!" деді. Сол кезде түсіндім: баланы оятқан күрделі сөз емес, өзі қатысып, өзі байқап көру мүмкіндігі екен. Осыдан кейін оқушылар сұрақ қоюдан қорықпай, қателесуден қорықпай, өздері іздене бастады.

Менің әдісім - дайын жауап бермей, "ал, өзіңбайқап көрші" деп мүмкіндік беру.

Әсіресе ЖИ - мен өз моделін жасап, оның жұмыс істегенін көргенде. Сол сәттеоқушы тыңдаушыдан зерттеушіге айналады.

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру Оқығандар: 8
С
Серикгүл Табилтай Негізін қалаушы

Оқушы «Мұны не үшін оқуымыз керек?» деп сұрағанда, қандай жауапты ішіңізден ғана айтасыз?

Ішімде қалған жауабым:

«Балам-ау, мұны өмірде бәрібір қолданбайсың деп ойлауың мүмкін. Бірақ білімнің бәрі бірдей күнделікті қажет бола бермейді. Біз сендерге тек пән үйретіп жатқан жоқпыз, ойлануды, ізденуді, салыстыруды, дұрыс шешім қабылдауды үйретіп жатырмыз. Өмірде кез келген қиындыққа тап болғанда, бүгінгі алған біліміңнің бір бөлшегі саған көмектесуі мүмкін».

Ал оқушыға айтатын жауабым:

«Сен бұл тақырыпты ертең дәл осылай қолданбауың мүмкін. Бірақ бүгін үйренгенің ертеңгі өміріңе қажет дағдыларды қалыптастырады. Білім саған тек баға алу үшін емес, өз ойыңды еркін жеткізуге, ақ пен қараны ажыратуға, дұрыс таңдау жасауға және өмірден өз орныңды табуға көмектеседі. Біз сендерге дайын жауап беруді емес, өз жауаптарыңды табуды үйретеміз».

Өйткені мектептің міндеті – тек білімді оқушы тәрбиелеу емес, өмірге бейім, ойы озық, саналы тұлға қалыптастыру.

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру Оқығандар: 11
А
Ақерке Қондыбаева Цифрлық жаңашыл Негізін қалаушы

Сабағыңызда оқушыларға «Өзім байқап көрсем бола ма?» дегізетін не?

Сабағымда оқушылардың қызығушылығын арттыратын өмірмен байланысты практикалық тапсырмалар, логикалық есептер, ойын элементтері және жасанды интеллект құралдарын қолдану олардың «Өзім байқап көрсем бола ма?» деген ынтасын оятады. Оқушыларға өз бетінше шешім іздеуге, түрлі әдістерді сынап көруге және қателесу арқылы үйренуге мүмкіндік беремін. Бұл олардың шығармашылық ойлауын, өзіне деген сенімділігін және математика пәніне қызығушылығын арттырады.

Жазбаны ашу
Нәтиже берген тәсіл
Жауап беру Оқығандар: 8
Е
Елена Гринь Цифрлық жаңашыл Негізін қалаушы

Что на вашем уроке заставляет учеников сказать: «А можно я сам попробую?»

На уроках информатики желание сказать «А можно я сам попробую?» возникает, когда ученики видят результат своей работы и понимают, что могут создать что-то самостоятельно. Например, на уроке программирования в Scratch я показываю, как оживить персонажа, а затем предлагаю: «А теперь попробуйте придумать что-то своё и удивить меня!» Дети с интересом начинают экспериментировать, добавлять движения, звуки и новые команды. Именно возможность проявить фантазию, самостоятельно найти решение и увидеть результат мотивирует их пробовать и учиться с удовольствием.

Жазбаны ашу
Нәтиже берген тәсіл
Жауап беру Оқығандар: 8
Л
Лена Естайлакова Өзгеріс көшбасшысы Негізін қалаушы

Сабағыңызда оқушыларға «Өзім байқап көрсем бола ма?» дегізетін не?

абағымда оқушыларға «Өзім байқап көрсем бола ма?» дегізетін нәрсе – қызықты тапсырмалар, проблемалық сұрақтар, тәжірибе жасауға мүмкіндік беру және еркін ойлау ортасын қалыптастыру.

Оқушы дайын жауапты алудан гөрі, өз бетінше ізденіп, тәжірибе жасап, қателесіп, қайта түзету арқылы нәтижеге жеткенде оның қызығушылығы артады. Сондықтан сабақта оқушылардың бастамасын қолдап, өздігінен шешім қабылдауына жағдай жасаймын.

Мен үшін ең маңыздысы – оқушының «Мен мұны өзім жасай аламын!» деген сенімін ояту.

Жазбаны ашу
Нәтиже берген тәсіл
1 жауап Оқығандар: 9
Б
Бибигуль Акбалиева Цифрлық жаңашыл Негізін қалаушы

Оқушы «Мұны не үшін оқуымыз керек?» деп сұрағанда, қандай жауапты ішіңізден ғана айтасыз?

Оқу арқылы біз көп нәрсені білеміз, жақсы мен жаманды ажыратамыз, ойлануды үйренеміз. Сондықтан білімді болу үшін оқимыз!

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру Оқығандар: 10
А
Акнур Абилдаева Сабақ шебері Негізін қалаушы

Ата-аналар чаты — мұғалімнің көмекшісі ме, әлде қоңырауы соғылмайтын сабақ па?

Ата-аналар чаты бір жағынан мұғалім көмекшісі десем де болады. Өйткені балалары туралы ақпаратты жазып отырамын.

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру Оқығандар: 14
А
Акнур Абилдаева Сабақ шебері Негізін қалаушы

ЖИ дәуірінде оқушы өзі орындауға ынталануы үшін қандай үй тапсырмасын берген жөн?

Өздігінен ойлануға, зерттеуге, ізденуге және шығармашылық жұмыс істеуге тапсырмалар беру керек.

Жазбаны ашу
Сабақ идеясы
Жауап беру Оқығандар: 8
Н
Назерке Акылбек Цифрлық жаңашыл Негізін қалаушы

ЖИ дәуірінде оқушы өзі орындауға ынталануы үшін қандай үй тапсырмасын берген жөн?

Бір тақырып бойынша 3 қызықты дерек тауып келу. Шығармашылық тапсырмалар яғни өз қолыңмен кітапша жасау немесе тақырып бойынша сурет салу. Өмірмен байланысты тапсырмалар дүкенге барғанда заттардың бағасын есептеу.Тапсырманы таңдауға мүмкіндік беру.

Жазбаны ашу
Сабақ идеясы
Жауап беру Оқығандар: 7
А
Акнур Абилдаева Сабақ шебері Негізін қалаушы

Сабағыңызда оқушыларға «Өзім байқап көрсем бола ма?» дегізетін не?

Ойын түрінде берілген тапсырмалар, өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндік беретін тапсырмалар және топтық жұмыстар.

Жазбаны ашу
Нәтиже берген тәсіл
2 жауап Оқығандар: 10
А
Акнур Абилдаева Сабақ шебері Негізін қалаушы

Еңбек жолыңыздың алғашқы жылында сабақ үстінде жиі айтып, қазір мүлде қолданбайтын сөзіңіз қандай?

Тыныштық сақтаймыз деген сөзді жиі қолданатынмын. Қазіргі таңда балаларға еркіндік бере отырып та тапсырманы орындатуға болады.

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру Оқығандар: 10
А
Акнур Абилдаева Сабақ шебері Негізін қалаушы

Оқушы «Мұны не үшін оқуымыз керек?» деп сұрағанда, қандай жауапты ішіңізден ғана айтасыз?

Өйткені, ерекше білімді қажет ететін оқушыларға мұғалімдердің көмегі керек. Білмейсің деп баланы басып тастауға болмайды.

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру Оқығандар: 7
Т
Толкын Айдосова Цифрлық жаңашыл Негізін қалаушы

"Жақсы" мұғалімнің 2 сұрағы (1 бөлім)

Барлық мұғалім "жақсы" мұғалім болуға тырысады. Ол өз пәнін жақсы білуге көп жігер салады. Алайда бұл "жақсы" мұғалім болуға жеткілікіз.

Менің жеке ойым - пәндік білімнен бөлек, "жақсы" мұғалім осы 2 негізгі сұрақтың жауабын білу керек:

  • *бірінші сұрақ: "*Мен барлық бала дамуға және оқуға қабілетті" деген тұжырымға шынымен сенемін бе? Мен жас маман болып мектепте жұмыс жасауды бастаған кезде, екі мұғалімнің әңгімесіне куә болған едім. Әңгіме бір оқушы туралы болды. Оның қабілеті жоқ, әкесі де сондай болғандығы айтылды. Бала 10 жаста. Мұғалім оның оқи алатынына сенбейді. Ол сенбеген соң, 10 жастағы бала да өзінің оқи алатына сенбейді. 10 жаста ғана, бірақ ол математиканы оқып үйрене алатынан сенімі жоқ (сонда педагогика, психология ғылымдары - адам өзгере алады, дами алады дегені өтірік пе?). Бұл әңгіме маған қатты әсер етті. Егер мұғалім баланың оқи алатынына сенбесе, ол оны оқытуға да тырыспайды, "өзі сондай" - деп қол бір сілтейді. Сондықтан бұл тұжырымға шынайы сену - кез келген баланы дамыта алатындай әдістерді ойлап табуға мұғалімді итермелейтін басты күш деп ойлаймын.

Сіздер қалай ойлайсыздар?

(жалғасы келесі)

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру · «Пайдалы тәжірибе» реакциясы: 2 Оқығандар: 11