0 ? true : false" />
Қаз
Қазақша
Русский
English
Кіру
Тіркелу
Лентаға оралу
С
Серикгүл Табилтай
Негізін қалаушы
1 жарияланым · 0 рет сақталды · 0 жазылушы
Жазылу
Жарияланымдар
Мақалалар
Жауаптар
Оқушы «Мұны не үшін оқуымыз керек?» деп сұрағанда, қандай жауапты ішіңізден ғана айтасыз?
Ішімде қалған жауабым: «Балам-ау, мұны өмірде бәрібір қолданбайсың деп ойлауың мүмкін. Бірақ білімнің бәрі бірдей күнделікті қажет бола бермейді. Біз сендерге тек пән үйретіп жатқан жоқпыз, ойлануды, ізденуді, салыстыруды, дұрыс шешім қабылдауды үйретіп жатырмыз. Өмірде кез келген қиындыққа тап болғанда, бүгінгі алған біліміңнің бір бөлшегі саған көмектесуі мүмкін». Ал оқушыға айтатын жауабым: «Сен бұл тақырыпты ертең дәл осылай қолданбауың мүмкін. Бірақ бүгін үйренгенің ертеңгі өміріңе қажет дағдыларды қалыптастырады. Білім саған тек баға алу үшін емес, өз ойыңды еркін жеткізуге, ақ пен қараны ажыратуға, дұрыс таңдау жасауға және өмірден өз орныңды табуға көмектеседі. Біз сендерге дайын жауап беруді емес, өз жауаптарыңды табуды үйретеміз». Өйткені мектептің міндеті – тек білімді оқушы тәрбиелеу емес, өмірге бейім, ойы озық, саналы тұлға қалыптастыру.
Менің кейсім
11 қараша
1 минуттық оқу
items = items.filter(i => i.id !== id), 2600)">